Система Orphus

"Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсететін нысандарға барды

17.09.2019, 21:36 26785
"Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсететін нысандарға барды

Орал. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 13 қыркүйегінде "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері жұртшылық өкілдерімен бірлесе отырып тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жаппай мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да нысандарға барды.

Мониторинг аясына "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласындағы халыққа қызмет көрсету жөніндегі арнайы бөлімі мен №2 бөлімі, Орал қалалық қолжетімді әкімдігі және "Орал қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ қамтылды. Тексерушілер мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін қадағалады және келушілердің пікірін сұрастырды.

Соның нәтижесінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласындағы халыққа қызмет көрсету жөніндегі №2 бөлімінде адамдардың кезегі жиі байқалатыны анықталды. Келушілер электрондық кезекке арналған талонды алуға көп уақыттарын жұмсайды екен.

Орал қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің бастығы Ләззат Оразбаеваның пікірінше, азаматтардың көп жиналуына басты себептердің бірі халықтың компьютерлік сауатының аздығы көрінеді.

"Бүгінгі күні халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімінде шамамен 752 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның 531-і электрондық үкімет порталы арқылы өтеді. Бұл қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ, үйде отырып алуға болады", - деп санайды мекеме басшысы.

Халық ең көп сұрайтын анықтамаларға мекен-жай анықтамасы, жылжымайтын мүлкінің бар-жоқтығы туралы, жылжымайтын мүлік бойынша шектеудің бар-жоғы туралы, қамқоршылық органдарынан алынатын анықтамалар екен. Ұялы телефонның көмегімен 20-дан астам қызмет түрін алуға болады.

Алайда адамдар мемлекеттік мекемеге келуді азайтатын емес. Қызметті өз бетімен алу үшін мобильді азаматтардың базасында тіркелу қажет, дейді Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары.

Күнделікті 1500 адам тіркеуден өтеді. Электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатын қызметтерді өз бетімен пайдалануға ниет білдіруші адамдардың саны артып келеді. Тек ағымдағы кезеңде мобильді азаматтардың базасында 60 000 азамат тіркеліп, шамамен 40000 цифрлық қолтаңба берілген. Электрондық қызметтер уақыт үнемдеуге, мемлекеттік қызметкерлермен тікелей байланысқа түсуден алшақ болуға мүмкіндік беру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны