25.10.2019, 17:53 20222

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм селолық округының әкімі күдікті болды.

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Бірқатар әкімдік қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылғы 23 қазанда еліміздің бірқатар өңірлерінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдігі бойынша әкімдіктіктің, соның ішінде басшы құрам қызметкерлері әшкереленді.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке жалпы қамқорлық жасау үшін азаматтан жалпы сомасы 65 мың теңге алу күдігі бойынша Әл-Фараби ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм селолық округының әкімі күдікті болды.

Ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәлілігінің деңгейін анықтай отырып, сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны