05.11.2019, 16:06 3681

"Байқоңыр - әлемдік ғарыш бесігі" атты халықаралық форум өтеді

2019 жылғы 12-13 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен "Байқоңыр - әлемдік ғарыш бесігі" атты халықаралық форум өтеді.

Нұр-Сұлтан. 5 қараша. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 12-13 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен "Байқоңыр - әлемдік ғарыш бесігі" атты халықаралық форум өтеді.

Форум 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді және ғарыш саласының отандық және халықаралық қоғамдастықтарында өзіндік беделге ие.

Аталған іс-шараға ҚР ЦДИАӨМ басшылығы, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, Қазақстандағы шетел мемлекеттері елшіліктерінің өкілдері, Министрліктің стратегиялық әріптестері - Роскосмос, "Airbus Defence and Space", ғарыш қызметі саласындағы отандық және шетелдік ұйымдар: "М.В. Хруничев атындағы ГКНПЦ" ФГУП, "М.Ф. Решетнев атындағы ИСС" АҚ, "Leica Geosystems, Satrec Initiative", "Eutelsat" және т.б. қатысады.

Биылғы жылы Форумға ғарыштық ведомстволар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ғарыш технологиялары бойынша әлемнің жетекші компанияларының мамандары мен белгілі ғалымдар, барлығы 400-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

Форум барысында ғарыш технологияларын тиімді пайдалану, "Байқоңыр" ғарыш айлағының дамуы, соңғы он жылдағы ғарыштық қызметтің нәтижелері мен Қазақстан Республикасында ғарыш саласының даму перспективалары талқыланады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны