18.11.2019, 18:24 19145

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД "Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі" ауқымды акциясын өткізді

Аралау барысында "Ашық қабылдау" өткізілді, онда тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Астаналық ТЖД "Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі" ауқымды акциясын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті "Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі" ауқымды іс-шараны бірлесе Полиция департаменті, Ұлттық гвардия, Нур-Сұлтан қаласы әкімдігі, Қызыл жарты ай еріктілері, БАҚ, ҚР ІІМ ТЖК және Департменттің жеке құрамымен тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелерін ақпараттандыру және алдын-алуда өткізді. Акцияға 700 адам қатысты.3000-дай жеке тұрғын үйлерді аралады. ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Марғұлан Аманбаев жеке құрам мен акцияға қатысушыларға нұсқаулық жүргізген соң төрт топқа бөлініп, атап айтқанда, "Сарыарқа" ауданы - "Полянка" СҚ, "Алматы" ауданы - Юго-Қосток сол жағы, "Байқоңыр" ауданы - Лесозавод, "Есіл" ауданы - Ильинка, "Пригородный" ТА, Газмашаппаратура, "Западный" СҚ улы газды анықтау қондырғыларын орнату, жадынамалар тарату арқылы аулаларды аралау жүргізілді. Жыл сайын жылыту маусымы басталысымен елорданың тұрғын секторында өрттің алдын алу бойынша үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, оның шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралап, рейдтер жүргізеді. Аралау барысында негізгі акцент пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштарды орнатуға жасалады. Үй иелеріне пештер мен түтіндіктерді орнату кезіндегі ақаулықтарды жою жөнінде ұсыныстар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылады.

Аралау барысында "Ашық қабылдау" өткізілді, онда тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Департаменттің инженерлік-инспекторлық құрамы тұрғын үй секторын аралау аясында ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап 20 мың адамды қамти отырып, 13921 үйге барды. Улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларының қаупін төмендету мақсатында жыл басынан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 1 177 қондырғы, оның ішінде улы газ - 698, түтін газ - 479 орнатылған.

Аралау басталғаннан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан 959 үй қамтылды, оның барысында 2 802 мың азаматқа нұсқау берілді.

Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың 10 айында қала бойынша 484 өрт тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда 5%-ға аз (2018 жылы - 509), онда 13 адам, оның ішінде 5 бала қаза болды (2018 жылы - 9 адам). Өрт салдарынан болған материалдық шығын 2 млн. 85 мың теңгені (2018 ж -345 млн. астам) құрайды. Өрттен 37 адам (7,5%-ға төмендеген, 2018 ж - 40), оның ішінде 14 бала (-7%, 2018 ж - 15) жарақаттанған. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде улы газбен уланудан 42 адам (+55%, 2018 ж. - 27), оның ішінде 26 бала (+37%, 2018 ж. - 19) жарақат алды. Тұрғын үй секторында 2019 жылдың 10 айында 225 өрт тіркелді (-6%, 10 ай). 2018-241), нәтижесінде 10 адам қаза болды (+2 р., 10 ай. 2018 - 5).

Жылыту пештерін дайындау бірінші кезекте түтіндіктерді күйеден, өртке қарсы бөлу құрылғыларынан пештің қатты қыздырылатын бетіне дейін тазалауды қарастырады.

Аталған іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны