01.12.2019, 16:41 2123

Жамбыл облысында "Қашар" іс-шарасының үшінші кезеңі өткізілуде

Жедел алдын алу шарасының нәтижесінде мал шаруашылықтарында қарасты 19 адамның тұрақты тұрғылықты жері жоқ екені анықталды. Тексерілген 1000-ға жуық қару иелерінің 63-і қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылып, 49 атыс қаруы тәркіленді.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қашар" ЖІШ кезінде 700-ден астам мал шарушылығы тексерілді

Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Жамбыл облысы Полиция департаменті мал ұрлығының алдын алу және жедел жағдайды жақсарту мақсатында "Қашар" іс-шарасының үшінші кезеңін өткізуде. Іс-шара барысында облыс аумағындағы 731 мал шарушалығы қаралды.

Жедел алдын алу шарасының нәтижесінде мал шаруашылықтарында қарасты 19 адамның тұрақты тұрғылықты жері жоқ екені анықталды. Тексерілген 1000-ға жуық қару иелерінің 63-і қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылып, 49 атыс қаруы тәркіленді.

Сонымен қатар, белгі салынбаған 39 бас мал анықталып, ұрланған 100 бас мал табылды.

Сондай-ақ, "Қашар" іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны