01.12.2019, 17:58 2361

Нұр-Сұлтан қаласында "Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі" атты халықаралық конференция өтті

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай "Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі" атты халықаралық конференция өтті.

Халықаралық конференция шеңберінде кең ауқымды пікірлер бойынша пікір алмасылды: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың өркениеттер, діндер мен мәдениеттердің диалогы, сонымен қатар, қоғамдағы конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен тұрақтылық саласындағы рөлі мен қосқан үлесін жан-жақты ашып көрсету.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдері, әр түрлі конфессиялар мен халықаралық діни ұйымдардың өкілдері, Исламад Халықаралық ислам университеті (Пәкістан), Орыс Православ Шіркеуінің Мәскеу Патриархаты (Ресей Федерациясы), сонымен қатар, Қазақстанның діни бірлестіктерінің, конфессияаралық және өркениетаралық мәселелермен айналысатын ғалым-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы" КЕАҚ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны