Система Orphus

Жамбыл облысы аумағында "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді

21.01.2020, 13:16 9370

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 15-17 қаңтары аралығында Жамбыл облысы аумағында "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді. Іс-шараға 400-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаменті, Көліктік бақылау инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған арнайы мобильді топтар қатысты.

Аталмыш шара барысында автокөліктердің санкцияланбаған тұрақтарда орналасуы, жүргізушілердің медициналық тексерістен өтуі, еңбек және демалыс режимінің, жолаушыларды тасымалдау заңдылықтарының сақталуы, көліктердің техникалық жарамдылығы, "Жол жүрісі туралы" ҚР заңы талаптарының бұзылуы, жылдамдықты асыру және басқа да жол қозғалысына қатысты жағдайлар қатаң бақылауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автожолдардағы жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын автобус пен такси жүргізушілерінің құқығы белгіленген құжаттары да тексеріліп, бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны