21.01.2020, 13:25 9914

"Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы басшысы жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылуда

Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылуда.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының м. а. сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖКД-нің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының м. а. қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылуда.

Күдіктінің және оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне және кінәсін мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны