Система Orphus

"Е-Заң көмегі" бірыңғай ақпараттық жүйесі "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңын орындау мақсатында әзірленді

19.05.2020 9937

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - 855 адвокат пен 674 заң консультанты онлайн режимінде еліміздің әрбір азаматына кәсіби заң көмегін ұсынуға дайын.

"Е-Заң көмегі" заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі - бұл әрбір азамат үйден шықпай-ақ, мүлдем тегін білікті заң көмегін ала алатын құрал. Адвокаттар мен заң консультанттары өз кезегінде сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің заманауи құралдарын алады. Бұдан басқа, жүйе дәлелдемелерді жинау процесін тездетуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен өзара іс-қимылды жеңілдетеді.

"Е-Заң көмегі" бірыңғай ақпараттық жүйесі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өз күшімен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңын орындау мақсатында әзірленді" - деп түсіндірді "ҰАТ"АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес әркімнің азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу барысында білікті заң көмегін алуға құқылы. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін негізде құқықтық ақпараттандыру түрінде алу құқығына барлық жеке және заңды тұлғалар ие.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны