27.07.2020, 23:14 7979

Медициналық сақтандыру қоры халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жүз пайыз алдын ала төлем жасады

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің тағы 5 түрін қосу мәселесін қарастыруда. Тізімде - парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, апиксабан, дабигатран бар. Оларды үздіксіз сатып алу үшін Қор Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізгеннен кейін өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде қаржыландырады.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Медициналық сақтандыру қоры халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жүз пайыз алдын ала төлем жасады.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ науқастарды уақтылы үзіліссіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін "СҚ-Фармация" компаниясымен жасасқан шарттың сомасына алдын ала 100% төлем жасады. Бірыңғай дистрибьютор бұл қаржыға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін өнім берушілер мен өндіруші зауыттарға алдын ала төлем жасай алады.

Атап айтқанда, МӘМС қаражаты есебінен амбулаторлық деңгейде балаларды бактерияға қарсы және ыстық түсіретін препараттармен, ересектерді - ауруханадан тыс пневмония нозологиясы бойынша бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз ету қарастырылған. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін ЖРВИ мен пневмония кезінде тегін дәрі-дәрмектерді 190,3 млн теңге сомасына 165 мың пациент алды.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің тағы 5 түрін қосу мәселесін қарастыруда. Тізімде - парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, апиксабан, дабигатран бар. Оларды үздіксіз сатып алу үшін Қор Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізгеннен кейін өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде қаржыландырады.

Естеріңізге сала кетейік, медициналық сақтандыру қоры стационарлық және амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен ТМККК шеңберінде және МӘМС пакетінде қаржыландырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны