05.08.2020, 23:02 6447

"Медиация. Жаңа тәсілдер" атты онлайн-дөңгелек үстел өтті

5 тамыз республикалық медиация күні

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - 5 тамыз республикалық медиация күні. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ZOOM платформасында "Медиация. Жаңа тәсілдер" атты онлайн-дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі Марат Бәшімов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары Юсуп Келигов және Шерзод Пулатов, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы, татуластыру рәсімдері жөніндегі үйлестіруші Гүлжанат Рахметова, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі "Құқық" ҚҚ төрағасы Ольга Рыль және терапевт, психолог, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Гүлзат Асанова, елордалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Онлайн-дөңгелек үстел модераторы елордалық ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, "Қырғызстан-Астана" ҚБ төрағасы Шавкат Исмаилов болды. Конференфиға қосылған қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова медиация күнімен құттықтады.

"Бүгінгі таңда елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 18 медиатор жұмыс істейді. Олардың 8 кәсіби, 10 кәсіби емес. Бірнеше медиатор қызметті тіркеу процестерін іске асырып жатыр. Жыл басынан бері елордалық медиаторлармен бірге атқарып жатырған бұл 6-жобамыз. Қазір біз өмірдің түрлі салаларында -медицина, кәсіпкерлік және т.б. медиацияны енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына үлкен пайда әкелуі керек. Біз медиацияны насихаттап, оның дамуын ынталандыруымыз керек", - деп атап өтті Л.Құсайынова.

Шара барысында заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі Марат Бәшімов "Медиация азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерінің бірі ретінде" тақырыбында, ҚХА төрағасының орынбасары Юсуп Келигов және Шерзод Пулатов отандық медиацияның қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі жайлы баяндады.

Қалалық соттың судьясы Г.Рахметованың пікірінше, Қазақстанда медиация институтын дамыту қоғамдық өмір саласындағы даулар мен жанжалдарды шешуге мүмкіндік береді және әлеуметтік тұрғыда медиация институтының дамуына септігін тигізеді.

Онлайн-дөңгелек үстел жұмысы аяқталғаннан соң "Виртуалды қабылдау" жобасы ашылды. Онда мамандар қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Күні бойы 56 азамат білікті кеңес пен медиативтік көмек алды. Негізінен "Виртуалды қабылдау" отбасылық-тұрмыстық және азаматтық қатынастар сипатында, сондай-ақ Қазақстанда қабылданатын денсаулық кодексі мен карантин жағдайында медициналық қызмет алу сипатындағы мәселелерді қамтыды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны