12.12.2019, 14:26 28527

Жамбыл облысында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы өткізілуде

Кездесу барысында қатысушылар отбасы жанжалдарын шешуге және психологиялық көмек көрсетуге қатысты полиция қызметкерлеріне, Дағдарыс орталығы мен Аналар үйінің өкілдеріне сұрақ қойып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы өтуде.

Акция аясында 5 желтоқсан күні Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінде Тараз қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдар, Дағдарыс орталығы және Аналар үйі өкілдерімен кездесу өткізді. Аталмыш шараға 70-тен аса студент қыздар да қатысып, тренингтер ұйымдастырылды. Студенттер Қазақстан Республикасының "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Заңымен танысты, сондай-ақ оларға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты өмірлік маңызды әңгімелер айтып, заң ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушылар отбасы жанжалдарын шешуге және психологиялық көмек көрсетуге қатысты полиция қызметкерлеріне, Дағдарыс орталығы мен Аналар үйінің өкілдеріне сұрақ қойып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар кездесуге қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты бүктемелер мен жадынамалар табыс етті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны