12.12.2019, 14:38 29031

"Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның өкілі 20 млн теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деп күдіктелуде

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысы аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдіктелуде.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі - 20 млн теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деп күдіктелуде.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны