"Оңтүстік Қазақстан" газетіне биыл - 95 жыл
Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлт руханиятына, қазақ журналистикасына үлкен үлес қосып келе жатқан "Оңтүстік Қазақстан" газетіне биыл - 95 жыл. Осыған орай, Түркістан төрінде салтанатты шара өтті. Мерейтойда "Оңтүстік Қазақстан" газетінің редакция ұжымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты, ҚР Парламенті Сенатының бірнеше депутаттарының, ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың құттықтау жеделхаттары тапсырылды.
Жиындағы алғашқы құттықтау сөз облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа берілді.
-Бұл мерейтой редакция ұжымының ғана емес, тұтас Түркістан облысы халқының ортақ мерекесі. Өйткені, "Оңтүстік Қазақстан" - қарашаңырақ басылым. Оның тарихы ұлт қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов негізін қалаған "Ақ жол" газетінен бастау алады. Бұл газетте Ә.Бекейханов, Х.Досмұхаммедов, М.Дулатов, Н.Төреқұлов, М.Жұмабаев, М.Әуезов секілді ұлт жанашырларының қаламының ізі қалған. Сондай-ақ, О.Жандосов, О.Исаев, Б.Кенжебаев сынды көрнекті тұлғалар редакторлық қызмет атқарған. "Оңтүстік Қазақстан" - өзіндік мектебі қалыптасқан іргелі басылым. Ол - ұлт журналистикасының шеберханасы. Қазақ журналистикасындағы жүйріктер мен ақиық ақындар, көрнекті жазушылар осында қызмет етіп, түлеп ұшты, - деген Сәкен Амангелдіұлы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтау хатын оқып берді.
Мұнан кейін Түркістан облыстық мәслихатының атынан депутат Саттар Қуашбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай құттықтау сөз сөйледі.
Айтулы мерекеде газеттің ардагері Сәділ Кадеевке Қазақстанның Құрметті журналисі атағы берілді. Сонымен қатар редакция қызметкерлері мен ардагерлері және тұрақты авторлар мен белсенді оқырмандар облыс әкімінің Алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың Грамотасымен, басқа да мемлекеттік органдардың, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиында Қазақстанның халық әртісі Қажыбек Бекбосынов, белгілі әншілер Мақсат Айтжанов, Құралай Сәтмұхаметова, Майгүл Тұрыскелдиева және басқа да өнерпаздар әннен шашу шашып, өнерін ортаға салды. Салтанатты шара 9 жастағы талантты әнші Сағын Өмірбайдың орындауындағы "Мен қазақпын" әнімен қорытындыланды.
Газеттің мерейін асырған салтанатты шарадан кейін өзге облыстардан арнайы келген БАҚ өкілдері өзара пікір алмасқан "Өңірлік БАҚ: проблемалары мен перспективалары" тақырыбында форум өтті.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматыда жылу желілерін жөндеу кезінде Батыс Желтоқсан көшесі бойынша жол жүру ішінара шектеледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша МӘСҚ-тен 840 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде екі апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы төмендеуде
Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген", - деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шегіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде, Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы келісімге "Көкшетауминсу" мекемесімен қол жеткізілді. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған", - деді Айжан Бижанова.
БҚО-дағы азық-түлік қорлары бар қойманы су басу қаупі аз болса да, қауіпсіз орын тауып, азық-түлікті әкету керек. Аздаған қауіп байқалған барлық өңірлерде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуі тиіс", - деп мәлімдеді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынған
Алматы-1" базары 1938 жылдан бастап жұмыс істейді. Ауданы 7 мың шаршы метр, онда жылыту және инженерлік желіге қосылмаған контейнерлік типтегі 570 сауда нүктесі бар. Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында салынған базар ғимараттары тозған және қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанадағы экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа абонементтер ойнатылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мамыр айындағы демалыс: Еңбек министрлігі бұйрыққа қол қойды
Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын", - делінген бұйрықта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
18.04.2024, 12:51"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес 18.04.2024, 16:22 103276Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 102566Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады19.04.2024, 11:11 97601Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 93851Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
04.04.2024, 16:35 121201Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 120951Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107401"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 105801Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103276Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді