08.07.2019, 08:58 9961

Нұр-Сұлтанда "КӨРПЕ Fest" мегафестивалі ашылды

Іс-шара елорда күні қарсаңында қала әкімдігінің бастамасымен "Асыл ана" жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Нұр-Сұлтан. 8 шілде. Kazakhstan Today - Елордалық "Көрме" орталығында қала күніне арналған "КӨРПЕ Fest" мегафестивалі ашылды.

Көпбалалы аналарға арналған іс-шара аясында тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шара елорда күні қарсаңында қала әкімдігінің бастамасымен "Асыл ана" жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көпбалалы аналар 6-10 маусым аралығында өткен "Асыл ана" семинар-тренингтерінен алған білімдерін ортаға салды. Олар өз жұмыстарын көрмеге қойып, жұртшылық назарына ұсынды. Шараның ашылуына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Жиынға қатысқан қала әкімі Алтай Көлгінов әйел ана тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, өмірге және елімізді дамыту жұмыстарына белсенді араласатын қоғам мүшесі екенін атап өтті. Сөз арасында ол қазіргі уақытта әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері кеңейіп жатқанын, олардың белсенділігі әсіресе шағын және орта бизнес секторында байқалатынын жеткізді.

Ал шеберлік сыныптарын ұлттық қолөнер бұйымдарын шығаратын этно-дизайнер, ҚР Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері Ырза Тұрсынзада өткізді. Ол осы саланың құпияларымен, жеке кәсіпті ашудың қыр-сырымен әрі оны әлеуметтік желілерде жүргізу әдісімен бөлісті.

- Ежелгі дәстүрлерімізді жаңғырту арқылы жоғары жетістіктерге жетеміз. Бүгінгі көрмеге қойылған дүниелерге мән берсек үлкен еңбекті ғана емес қолөнер қазақ әйелдерінің қанында барын байқауға болады. Біз төрт жыл бойы қайырымдылық мастер-класстармен айналысып келеміз. Бүгінде елордада ұлттық қолөнермен айналысып, 500 мың қаржы табатын аналар бар. Олар өз еңбегімен бастаған бизнесі арқылы қаржы тауып, табысқа жету мүмкін екенін іспен көрсетті, - деді Ырза Тұрсынзада.

Қатысушылар дипломдармен марапатталды, сондай-ақ 50 әйелге тігін машинасы мен өзге де бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны