01.12.2019, 17:55 2320

Нұр-Сұлтан қаласындағы мешітте "QIWI" электрондық терминалының тұсау кесу рәсімі өтті

ҚМДБ есеп айырысу шоттарына қолма-қол ақшасыз жолмен қайырымдылықты қабылдау процессі оның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және халықтың діни ұйымға деген сенімін арттырады.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - 27 қарашада "Әлжан ана" мешітінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Ә. Абаевтың және ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы имамдарының бас қосуымен "QIWI" электрондық терминалының тұсау кесу рәсімі өтті.

Қазіргі уақытта, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Нұр-Сұлтан қаласындағы 12 мешітке қайырымдылықты қабылдау үшін "QIWI" электрондық терминалдары орнатылды. Осы ретте, облыс орталықтары мен республиканың барлық мешіттерінде аталған терминалдарды орнату бойынша ұқсас жұмыстар жүргізілуде.

ҚМДБ есеп айырысу шоттарына қолма-қол ақшасыз жолмен қайырымдылықты қабылдау процессі оның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және халықтың діни ұйымға деген сенімін арттырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны