Система Orphus

Елбасы кітапханасында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарымен онлайн-кездесу өтті

26.10.2020 8317

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы кітапханасында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарымен онлайн-кездесу өтті. Іс-шараның модераторы ретінде мекеме басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі. Кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен жастар қатысты. Олар Елбасының бастамасы саналатын жобаның өздеріне қалай ықпал еткенін тарқатып айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Сіздер - өзіне сенетін, бірнеше тілді меңгерген, жаһандық ақпараттық қоғамдастықтың тетігін игерген білімді, талантты, креативті Қазақстан жастарының өкілісіздер. Мен болашақ ұрпаққа сіздердің үлгі болатындарыңызға өте қуаныштымын. Елбасы кітапханасы жас қазақстандықтардың тәрбиесі мен біліміне басым мән беріп, отандық және халықаралық жобалардың дамуы мен өрістеуіне белсенді ат салысады. Кітапхананың сайтында "Ұлы дала тарландары" ақпараттық жобасы іске қосылған, онда түрлі материалдар соның ішінде "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының финалистерімен видеокездесулер де бар. Өз табысыңның құпиясымен бөлісу - бұл өте маңызды іс, және біз жас қазақстандықтар арасында ақылды, перспективті, креативті және мақсатқа ұмтылғыш лидерлердің барына өте қуаныштымыз", - деді онлайн-кездесу қатысушыларына айтқан алғысөзінде Әмірхан Рахымжанов.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының қалай дамып келе жатқанын жоба кураторы Бибігүл Құламан тарқатты. Ол Елбасы Кітапханасымен тиімді серіктестік туралы сөз етіп, қолдау үшін алғысын білдірді.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы пандемияға қарамастан жұмысын жалғастыруда. Елбасы кітапханасына "Ұлы дала тарландары" жобасы үшін алғыс айтқымыз келеді, себебі оның жеңімпаздарының есімі жан-жаққа тарады. Айтпағым, Елбасының бастамасымен құрылған жоба жастардың басым көбіне қарқынды мәре бола алды. Әрқайсысы қазақстандық қоғамның дамуына үлес қоса алатын селф-мейд. Біздің жеңімпаздар Қазақстан атын бар әлемге танытуда. Иманбек Зейкенов, Әйгерім Берекешова, Айжан Жүзбай және тағы басқалары. Әрқайсысы еңбегімен бағалы, құнды", - деп атап өтті Б.Құламан.

Табиғаты ерекше балалар арасында қазіргі уақытта инклюзия мен білімге деген қарым-қатынастың қалай өзгеріп жатқанын жоба финалисі Нұргүл Ұлжекова айтты. 2016 жылы мүдделестермен бірге ол "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық бірлестігін құрған еді. Қазіргі уақытта Нұргүл ерекше балаларды мемлекеттік жүйелі қорғауды мақсат ететін заңнамалық жұмысқа қатысуда.

"Біз қадамымызды сенімді басып келеміз. Бүгінде бірқатар қалада ерекше балаларға арнап тегін бейімдеу спорт секциялары ашылды. Бұл секциялар бүлдіршіндерге ішкі кедергілерді жоюға көмектеседі. Әркім тең мүмкіндіктер әлемінде өмір сүруі тиіс. Біз бұл түсініктің кең етек жайғанын қалаймыз. Сондықтан "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына қатысу жұмысымыздың тиімділігін арттыруда және ерекше балалардың мәселелері туралы қоғамға мейлінше кеңірек жеткізуде өте маңызды кезең болды", - дейді Н.Ұлжекова.

Бейбітшілік пен тыныштық, Қазақстандағы ұлтаралық татулық моделі Таяу Шығыстағы мемлекеттер негізінде осынау нәзік мәселенің үлгісі бола алғанын әскери дәрігер, подполковник, "Қазақстанның 100 жаңа есімінің" финалисі Сәулет Қалдашов айтты. Ол БҰҰ-ның Ливандағы миссиясы құрамындағы әскери қауырт күндерінің естелігімен бөлісіп, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасақталған жоба - бұл өз Отанының нағыз патриоттарының синэнергиясы деп атап өтті.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жерін, елін шын сүйетін, оның игілігі үшін аянбай тер төгіп жүрген жандардың есімін халыққа паш етті. Бұл жандар - қоғамның дамуына еңбек сіңіріп жүрген ұлттың жанашыры, нағыз патриот азаматтар. Бұл жетістіктерді сақтап қалып, жерімізді сын-қатерден қорғауымыз шарт. Қазақстанның жарқын да бейбіт келешегі біздің қолымызда", - деп мәлімдеді С.Қалдашов.

Онлайн-кездесуге сондай-ақ жоба финалистері Эльнара Байназарова, Назгүл Жәкенова, Малика Мұхтарова, Дина Байтасова, Асхат Сәдуов, Рүстем Ерғали, Айжан Жүзбай, Ильдар Ягьяев қатысты.

Кездесу соңында Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сұхбаттасушыларға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, жобаның әр жеңімпазы тәжірибесі мен тарихы қазақстандық жастар үшін мықты мотивация бола алатынын алға тартты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны