06.06.2012, 12:21 5091

"100 мектеп және 100 аурухана" жобасы бойынша 60 денсаулық сақтау нысаны салынды

"100 мектеп және 100 аурухана" бағдарламасының аясында бүгінгі таңда 60 денсаулық сақтау нысаны салынып бітті. Олардың жалпы сметалық құны 153,6 млрд. теңгені құрайды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Үкімет отырысында.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - "100 мектеп және 100 аурухана" жобасы бойынша 60 денсаулық сақтау нысаны салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"100 мектеп және 100 аурухана" бағдарламасының аясында бүгінгі таңда 60 денсаулық сақтау нысаны салынып бітті. Олардың жалпы сметалық құны 153,6 млрд. теңгені құрайды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Үкімет отырысында.

"Бүгінгі күнге дейін жалпы сметалық құны 153,5 млрд. теңге болатын 60 денсаулық сақтау нысаны салынған, олардың ішінде 22 аурухана, туберкулезға қарсы 5 диспансер, 8 қан орталығы, 2 перинаталды орталық пен 23 емхана бар", деді С.Қайырбекова.

Министрдің айтуынша, жобалар Атырау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында соңына дейін жүзеге асырылып бітті. "Ағымдағы жылы 8 нысанның, 2013 жылы - 10 нысанның, 2014 жылы - 19 нысанның, 2015 жылы - 4 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр",- деді министрі.

Сонымен қатар, республикалық маңызға ие 2 нысанның құрылысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігінің негізінде іске асыру жоспарлануда.

Оған қоса, 2012 жылы 6 емхананың, 5 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. С.Қайырбекованың айтуынша, 2013 және 2014 жылдары ауылдық жерлерде республикалық бюджеттің есебінен 156 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-амбулаториялық пункт салу және жергілікті бюджеттің есебінен 145 пункт салу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны