05.01.2016, 13:25 3725

100 мыӊға жуық қазақстандықты шақыру учаскелеріне тіркейді

Қазақстанда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды. 2016 жылдыӊ қаӊтары мен наурыз айы аралығында 1999 жылы туылған 100 000-ға тарта қазақстандық әскери есепке алынады

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды. 2016 жылдыӊ қаӊтары мен наурыз айы аралығында 1999 жылы туылған 100 000-ға тарта қазақстандық әскери есепке алынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тіркеу жергілікті атқару органдарымен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар арқылы жүзеге асырылады. Олардыӊ шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия құрылады.

ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде түсіндіргендей, тіркеуге алу азаматтарды әскери есепке қою, олардыӊ санын, білім деӊгейі мен дене даярлығын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін ұйымдастырылып, өткізіледі. Медициналық куәландырудан өту барысында денсаулық жағдайы бойынша шамалы шектеулер анықталған бозбалаларға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі. Ол жерде жеткіншектер денсаулықтарын қалпына келтіре алады.

Сонымен қатар тіркеуге алу үрдісінде Қазақстан мен шетел мемлекеттері Қорғаныс министрлігініӊ жоғары оқу орындарына оқуға түсу жөнінде үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі. Бозбалаларға әскери жоғары оқу орындарын, Кадет корпусын тәмамдағаннан кейінгі кемелді келешек туралы айтып береді. Искери оқу орындарында оқуға ниет білдіргендер мен жарамдылар анықталады.

Сонымен бірге тіркеуге алу патриоттық тәрбие беру сипатына ие. Бозбалаларға әскери кәсіп пен әскери қызметшілердіӊ арналуы, Қазақстанныӊ қазіргі заманғы Қарулы Күштерініӊ жетістіктері мен дамуы, әскери қызметшілеріміздіӊ халықаралық ірі ауқымды оқу-жаттығулар мен бітімгершілік операцияларға қатысуы мен сәттіліктері туралы айтып береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны