29.06.2015, 15:10 3682

100-ден астам алматылық жас балдырған әскери қызметші кейпінде болды

Алматыда Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасы 97617 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері "MEGA Park" сауда ойын-сауық орталығыныӊ аумағында балалармен "Зарница" әскери-спорттық ойынын өткізді

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Алматыда Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасы 97617 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері "MEGA Park" сауда ойын-сауық орталығыныӊ аумағында балалармен "Зарница" әскери-спорттық ойынын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл ойынға Алматы қаласыныӊ әртүрлі аудандарынан жиналған 7 мен 15 жас аралығындағы 100-ден астам балауса қатысты. Кішкентай жауынгерлерге бірнеше кезеӊнен өтуге тура келді. Біріншісі "Кедергі жолағы" - ойын әскери-спорттық эстафета түрінде құрылды. Балаларға шытырман жолдан шығу амалын табу, оқ-дәрілерді апару, химиялық шабуылдан құтылу, алғашқы медициналық көмек көрсету қажет болды. Екінші кезеӊ - "Жалауды басып алу" кезеӊінде жас эрудиттер жұмбақтар мен ребустар жасырылған конверттерді алды. Сол арқылы олар өздерініӊ мақсаттарына жетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Біз аталған сайысты жас патриоттарымыз үшін өткізіп отырмыз. Бұл акция өскелеӊ ұрпаққа қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру, Отанға деген махаббатын ояту және республикамыздыӊ Қарулы Күштерінде әскери қызметтіӊ имиджін көтеру үшін өткізіледі", - деді 97617 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімініӊ аға офицері капитан Ермек Меӊдіғалиев.

Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге 97617 әскери бөлімініӊ тәрбиеші офицерлері және 38-десанттық-шабуылдау бригадасыныӊ әскери қызметшілері белсене қатысты. Сондай-ақ олардыӊ қару-жарағы мен әскери техникасы қолданылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны