24.06.2015, 14:48 3596

10 000 000-шы жолаушы

Бүгін "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері Астана вокзалында электронды тәсілмен билет сатып алған 10 миллионыншы жолаушыны күтіп алды

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері Астана вокзалында электронды тәсілмен билет сатып алған 10 миллионыншы жолаушыны күтіп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол - "Защита-Астана" жүрдек пойызымен Өскемен қаласынын келген Күләш Құнанбаева болатын. 10 миллионыншы жолаушыға бағалы сыйлық - Iphone 6 ұялы телефоны табыс етілді. Мұндай салтанатты қарсы алуды күтпеген Күләш : "Бұл мен үшін тосын сый болды! Расында электронды билет өте ыӊғайлы, қолжетімді және еӊ бастысы сіздіӊ уақытыӊызды үнемдейді",- деді шын жүректен.

Қазіргі уақытта билеттер интернет арқылы ғана емес сонымен қатар республика бойынша 17 мыӊнан астам терминалдар арқылы да сатылуда.

Қазақстанда электронды билеттерді сату жүйесі жыл сайын жетілдірілу үстінде. Жылдыӊ аяғына дейін билеттер жедел қосымшалар (мобильные приложения) және еліміздегі барлық пошта бөлімшелері арқылы сатылатын болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны