10.02.2021, 16:36 5821

Қазақстанда 10 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 10 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 9 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 198 086 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 053 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 198 086. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 23 351 (+138), 
 
Алматы қаласында - 23 107 (+91), 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 20 869 (+78), 
 
Атырау облысында - 16 541 (+49), 
 
Павлодар облысында - 15 607 (+195), 
 
Қарағанды облысында - 14 455 (+69), 
 
Ақмола облысында – 12 263 (+95), 
 
Батыс Қазақстан облысында - 11 785 (+84), 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 11 568 (+68), 
 
Қостанай облысында - 11 053 (+81), 
 
Алматы облысында - 9830 (+48), 
 
Шымкент қаласында - 5955 (+17), 
 
Жамбыл облысында - 5691 (+10), 
 
Түркістан облысында - 4182 (+6), 
 
Маңғыстау облысында - 4128 (+1), 
 
Ақтөбе облысында - 4035 (+14), 
 
Қызылорда облысында - 3666 (+9).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 233 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 179 277, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
10 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 25 991 адам (16 188 КВИ+ және 9 803 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 438 науқас стационарларда, ал 20 553 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 264 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 46 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 45 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 10 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 621 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 8 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 8 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 268 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 388, 587 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 37 998 жетті. 
 
2021 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны