08.07.2016, 12:37 4079

10 мыӊнан астам еліміздіӊ азаматтары әлеуметтік және еӊбек мәселелері бойынша мәлімет алды

ҚР ДСИДМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында еліміздіӊ 10261 азаматтары әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы заӊнамалардыӊ негізгі өзгерістері туралы кеӊестер алды

Астана. 8 шілде. Kazakhstan Today - ҚР ДСИДМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында еліміздіӊ 10261 азаматтары әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы заӊнамалардыӊ негізгі өзгерістері туралы кеӊестер алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ДСИДМ Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетініӊ аумақтық департаменттерініӊ, өӊірлердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен жұмыспен қамту орталықтарыныӊ қызметкерлері ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап елді мекендердіӊ 2659 тұрғындарымен және 987 кәсіпорындар мен ұйымдардыӊ қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

10261 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылған азаматтардыӊ ішінде 6850-і жұмыспен қамту және "Өрлеу" жобасыныӊ жүзеге асырылуы туралы, 811-і зейнетақымен қамсыздандыру туралы, 666-сі мүгедектерді әлеуметтік қорғау және 912-сі басқа да әлеуметтік-еӊбек саласы бойынша кеӊестер алды.

26-27 мамырда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР ДСИДМ аймақтық комитеттерініӊ, өӊірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларыныӊ және ведомствоға бағынысты ұйымдардыӊ өкілдері үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек салаларындағы мемлекеттік саясаттыӊ негізгі бағыттары бойынша оқыту семинарлары өткенін естеріӊізге сала кетейік.

Семинар қатысушыларына халық арасында әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларындағы заӊнамалардағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша ұсынымдар берілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны