02.04.2018, 15:53 3869

10 сәуір күні "Астана Операныӊ" Камералық залында "Мәӊгілік вена классикасы" шырқалады

Австриялық ұлы композиторлардыӊ туындылары дирижер Эльдар Сапараевтыӊ жетекшілігімен "Астана Опера" Камералық оркестрініӊ орындауында көрермен назарына ұсынылатын болады. Солист - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, театр оркестрініӊ солисі, керемет скрипкашы Бағдат Ибілханов

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - 10 сәуір күні "Астана Операныӊ" Камералық залында "Мәӊгілік вена классикасы" шырқалады. Австриялық ұлы композиторлардыӊ туындылары дирижер Эльдар Сапараевтыӊ жетекшілігімен "Астана Опера" Камералық оркестрініӊ орындауында көрермен назарына ұсынылатын болады. Солист - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, театр оркестрініӊ солисі, керемет скрипкашы Бағдат Ибілханов.

Ийгілі виолончелист, "Веналық симфониетта" оркестрініӊ дирижері, Германиядағы Оӊтүстік-Батыс филармониялық оркестрініӊ концертмейстері, Штутгарттағы И.С.Бах атындағы Академияныӊ мүшесі, танымал "Кельнніӊ филармониялық виолончелистері" виолончель секстетасыныӊ қатысушысы Эльдар Сапараев концертке ат салысады. Ол Тонхале (Цюрих), Лисинг залы (Загреб), Берлин филармониясы, Уолт Дисней-холл (Лос-Анджелес) сынды айтулы сахналарда өнер көрсетуде. Музыкант Қазақстан қалаларында жиі гастрольдік сапармен болып, бірнеше рет "Астана Опера" театрыныӊ сахна төріне шыққан.

Кеш бағдарламасына В.А.Моцарттыӊ ғажайып, демократияшыл әрі пәлсапалық "Сиқырлы флейта" операсына жазылған көӊілді де шуағын шашқан увертюра енді. Дәстүрлі зингшпиль жанрында жазылған ертегі-опера музыкалық театрдағы еӊ танымал спектакльдердіӊ біріне айналды. Мәнерлі тәсілдерініӊ молдығы, гуманистік мазмұны мен шабытқа толы әуенділігі арқасында шығарма барлық әлемдік опера сахналарында салтанат құрды.

Сондай-ақ музыканттар Й.Гайднныӊ №85 симфония си-бемоль мажорын ұсынады. Австриялық классиктіӊ шығармашылығына табынушылар бұл туындыны "Патшайым" деп атап кеткен, себебі аталған симфонияны француз патшайымы Мария-Антуанетта ерекше сүйіп тыӊдаған. Й.Гайднныӊ музыкасындағыдай, оныӊ дүниетанымында да өмірге деген үйлесімді әрі айқын көзқарас басым, соныӊ нәтижесінде симфонияны жүйелілік, бейнелілік, қанықтық, өзгермес сенімділік пен жарасымды әзіл сипаттайды.

"Астана Опера" Симфониялық оркестрініӊ солисі Бағдат Ибілхановтыӊ орындауында В.А.Моцарттыӊ еӊ атақты скрипкалық концерті - оркестрмен скрипкаға арналған №5 концерт ля мажор шырқалады.

- В.А.Моцарттыӊ скрипкаға арналған бесінші концерті - кемеӊгер композитор шығармашылығыныӊ нағыз жауһары, XVIII ғасырдағы концерт стилініӊ асқар шыӊы. Туынды өзіндік ерекшелігімен, ғажайып құрылымымен, театрлығымен, асқақ жалынымен, әсемдігімен және қулығымен өзгешеленеді. Бірегей үшінші бөлігініӊ арқасында концерт "Түрік" атауына ие болған. Сол замандағы қалыптасқан "жақсы мінез ережесіне" қарамастан, кербез менуэтте (көне француз биі) кенеттен халық арасынан шыққан "көше" кейіпкері - сол уақытта сәнге айналған "түрік" музыкасына еліктеп, биге басқан сыған пайда болады. Концерттіӊ соӊы шығармашылық рухтыӊ еркіндігін мадақтайтын батыл серпіліс болды, - деп атап өтті Бағдат Ибілханов.

Концерттіӊ басталуы сағат 19:00-де.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны