01.02.2016, 19:32 3573

1-10 ақпан аралығында қазақстандықтар онкологиялық аурулардыӊ алдын-алу мақсатында бейінді мамандардыӊ кеӊесін тегін ала алады

Онкүндік мақсаты - онкологиялық аурулардыӊ алдын алу және ерте кезеӊде анықтау мәселелерінде тұрғындардыӊ және медициналық қызметкерлердіӊ хабардарлығын арттыру, сондай-ақ, скринингтік тексерулерді уақытылы өтудіӊ қажеттігі жөнінде халықты ақпараттандыру болып табылады.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні шеӊберінде 2016 жылғы 1-10 ақпан аралығында еліміздіӊ барлық өӊірлерінде "Біздіӊ қолымыздан келеді! Меніӊ де қолымнан келеді!" ұранымен онкологиялық аурулардыӊ алдын алу және ерте кезеӊде анықтауға арналған онкүндік өтеді. Шара шеӊберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (әрі қарай - МСАК) ұйымдарында және онкологиялық диспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылады. Азаматтар тегін медициналық тексеруден өтіп, бейінді мамандардыӊ кеӊесін ала алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Онкүндік мақсаты - онкологиялық аурулардыӊ алдын алу және ерте кезеӊде анықтау мәселелерінде тұрғындардыӊ және медициналық қызметкерлердіӊ хабардарлығын арттыру, сондай-ақ, скринингтік тексерулерді уақытылы өтудіӊ қажеттігі жөнінде халықты ақпараттандыру болып табылады.

Шара шеӊберінде республиканыӊ барлық өӊірінде МСАК ұйымдарында онко-қырағылықты арттыру және онкологиялық аурулардыӊ алдын алу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге семинарлар және халық көп жиналатын орындарда кеӊ ауқымды іс-шаралар өткізіледі. МСАК ұйымдарында және онкодиспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылып, кардиолог, эндокринолог, пульмонолог, акушер-гинеколог, уролог және онколог мамандар кеӊес береді.

Айта кету керек, аталған іс-шаралардыӊ барлығы өӊірлерде 1-10 ақпан күндері аралығында өткізіледі. Толық ақпаратты азаматтар МСАК ұйымдарынан және онкодиспансерлерден ала алады.

Онкологиялық аурулармен күресу - ҚР денсаулық сақтау жүйесініӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Отандық денсаулық сақтау ұйымдарында обырды диагностикалау және емдеуге қажетті барлық озық технологиялар бар. Исіресе, ауру ерте кезеӊде анықталған жағдайда науқас үшін обырдан толықтай айығып кетуге мүмкіндік бар. Скринингтік медициналық тексерістер қатерлі ісіктіӊ алдын алуда және ерте кезеӊде анықтауда еӊ тиімді тәсіл болып табылады. 2015 жылы республикада онкологиялық скринингтер аясында ересек тұрғындардыӊ мақсатты топтарына 1,5 млн-нан астам тексеру жүргізілген болатын.

Естеріӊізге сала кетейік, Халықаралық обырға қарсы одақтыӊ бастамасымен Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда атап өтіледі. Өткен жылы шара "Бұл қолымыздан келеді!" ұранымен өткен болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны