18.06.2012, 09:55 1869

11 мыңға жуық түлек ҰБТ-дан 100-ден асқан балл жинады

ҰБТ-ға барлығы 117 432 мың талапкер (81027 қазақ тілінде және 36405 орыс тілінде оқығандар), яғни қатысуға өтініш бергендердің 97 % немесе мектеп бітірушілердің жалпы санының 75 % қатысты.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - 11 мыңға жуық түлек ҰБТ-дан 100-ден асқан балл жинады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҰБТ-ға барлығы 117 432 мың талапкер (81027 қазақ тілінде және 36405 орыс тілінде оқығандар), яғни қатысуға өтініш бергендердің 97 % немесе мектеп бітірушілердің жалпы санының 75 % қатысты.

Бұл мәліметтерді арнайы баспасөз мәслихаты барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.

Республика көлемінде орташа балл 70,9 балды құрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 15,7 балға төмен.

3 мектеп бітіруші түлек, атап айтсақ, Астана қаласында мектеп бітірген Исел Қисықова, Алматы қаласының түлегі Ким Кирилл және Алматы облысының түлегі Исеи Айдарова 125 балға ие болған.

100 баллдан жоғары алғандар саны 10 755 (9,2%). ҰБТ нәтижелері бойынша Алматы қаласының түлектері алға шыққан, орташа балл 84,7.

5 816 "Алтын Белгiге" үміткерлердің арасында ҰБТ-ға 5 761 түлек қатысып, оның ішінде 1401 "Алтын белгі" иегері атанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны