02.02.2016, 20:18 4362

11 жасар баланы медальмен наградтады

Алматы қаласы Алатау ауданындағы № 152 мектебініӊ акт залында өзінен кіші қарындастары мен інісін құтқарғаны үшін батыр баланыӊ құрметіне салтанатты жиналыс өтті. Марапаттау рәсіміне қолдап қатысу үшін мектеп оқушылары, мұғалімдері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментініӊ қызметкерлері келді

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Алатау ауданындағы № 152 мектебініӊ акт залында өзінен кіші қарындастары мен інісін құтқарғаны үшін батыр баланыӊ құрметіне салтанатты жиналыс өтті. Марапаттау рәсіміне қолдап қатысу үшін мектеп оқушылары, мұғалімдері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментініӊ қызметкерлері келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымовтыӊ атынан адам өмірін құтқаруда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен Данияр "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төс белгісімен марапатталды.

Алматы қаласыныӊ ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.И. Қасыбаев Сатыбалды Даниярға салтанатты түрде наградасын тапсырды.

-Осы жасаған ерлігі - өз жақындарын қорғау үшін барын салатын нағыз қазақстандық азаматыныӊ ісі. Он бір жастағы бала көп ересектердіӊ қолынан келе бермейтін, өзініӊ аса өнегелі адамгершілік қасиеттерін көрсетті, - Рұслан Имірзадаұлы атап өтті.

2015 жылғы 29 қарашада күндізгі сағат 12-де өрт оқиғасы орын алды: Алматы қаласы, Алатау ауданыныӊ Тәкежанов көшесіндегі уақытша баспананыӊ бөлмесі өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардыӊ келуін күтпей, 11 жасар бала терезеніӊ әйнегін сындырды да өзінен кіші қарындастары мен інісін кезек кезегімен көшеге алып шықты.

Өрттіӊ ауыр зардаптарын болдырмауға бар күшін салған кішкентай батырдыӊ қиын сәттерде дәл осындай өнегелі адамгершілік қасиеттері айқын көрініс тапқанын атап өткіміз келеді.

Алматы қаласыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны