13.04.2020, 18:05 4951

128 қазақстандық азамат Талдықорған әуежайы арқылы елге оралады

Шарджа - Талдықорған бағытындағы авиақатынасты еліміздің авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - 128 қазақстандық азамат Талдықорған әуежайы арқылы елге оралады.

Талдықорған әуежайы бортында БАӘ-ден елге оралатын 128 қазақстандық азамат бар ұшақты қабылдайды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шарджа - Талдықорған бағытындағы авиақатынасты еліміздің авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады. Облыс орталығының әуежайы күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдауда. әуе қатынасының қызметкерлері обаға қарсы костюмдермен қамтамасыз етіледі. Жолаушылардың барлығы бортта бірден санитарлық дәрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтеді, олардың дене қызулары тепловизорлармен өлшенеді.

"Келген жолаушылармен неғұрлым аз байланыс жасауды қамтамасыз ететін алгоритм дайындалды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әуежай қызметкерлерінің, санитарлық дәрігерлердің және осы операцияға тартылған басқа да азаматтардың әрекеттерінің әр қадамы хатталып, ерекше бақыланатын болады. Отанына оралған қазақстандықтар автобустарға отырғызылып, карантинге жатқызылатын орынға жеткізіледі. Олардың бәрі коронавирус инфекциясына анализ тапсырады. Жолаушылардың барлық жүгі мен жеке заттары дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Келген азаматтардың карантиндік режимді сақтауын құқық қорғау органдары бақылайтын болады", - деп түсіндірді облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

"Бұлар сол жақта тұрып, жұмыс істеген немесе түрлі жағдайларға байланысты сол жақта қалып қойған біздің азаматтарымыз. Бұл рейстің қонуы мен оны қабылдау Республикалық штабпен келісілген және оны орындау, келген жолаушылар мен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің азаматтық парызымыз"- деп қорытындылады ведомство.

Карантин уақыты біткеннен кейін жолаушылар тұрғылықты жерлеріне жөнелтіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны