02.07.2013, 12:31 2947

12,5 млрд.теңге жымқырған "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы қамауға алынды

Олар 2007-2013 жылдар аралығында "БОГВИ" компаниясының және өзге де астық кәсіпорындарының басшыларымен алдын ала сөз байласып, келісім-шарт жасау және бидайды қайтарымсыз беру арқылы сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салып, мемлекетке 12,5 млрд.теңгеден астам залал келтірілген.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - 30 мамырда Қаржы полициясы агенттігі "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Олар 2007-2013 жылдар аралығында "БОГВИ" компаниясының және өзге де астық кәсіпорындарының басшыларымен алдын ала сөз байласып, келісім-шарт жасау және бидайды қайтарымсыз беру арқылы сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салып, мемлекетке 12,5 млрд.теңгеден астам залал келтірілген.

Осы қылмыстық істі тергеу барысында аталған қылмыстарды жасауға "Продкорпорация" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Б.Қабдрахмановтың қатыстылығы анықталды, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

2007-2008 жылдар аралығында "БОГВИ" компаниялар тобына және өзге де астық кәсіпорындарына екінші деңгейлі банктер мен Корпорацияның еншілес кәсіпорны "Экспертная Аграрная Компания" ЖШС (бұдан әрі - "ЭкспАгро" ЖШС) кепілдігімен "Азық-түлік корпорациясы" АҚ көктемгі егістік және жинау жұмыстарын жүргізу үшін жалпы сомасы 7 млрд.теңгеге несие берген.

2008-2009 жылдар аралығында Азық-түлік корпорациясы жоғарыда көрсетілген келісім-шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін ұзарту туралы бірнеше рет негізсіз шешімдер қабылдаған.

2010 жылғы 1 қаңтарда "БОГВИ" компаниялар тобының және өзге де астық кәсіпорындарының Корпорация алдындағы қарызы 10 млрд.теңгеден астам соманы құраған. Бұған қарамастан, Корпорацияның лауазымды тұлғалары 2010 жылдың ақпан-наурыз аралығында аталған компаниялармен төлемді ұзартып, бидайды сату туралы қосымша келісім-шарттар жасасқан.

Сонымен бірге міндеттерді орындау үшін Корпорация "ЭкспАгро" ЖШС-нің бидаймен қамтамасыз етілмеген жалған бидай қолхаттарына негізделген кепілдемелерін қабылданған.

2011-2012 жылдары аралығында Б.Қабдрахманов Корпорация басқармасының төрағасы болған кезде, Бидай басқару жөніндегі комитеті тәуекелдер бойынша сараптамалық қорытындысыз "БОГВИ" компаниялар тобының және өзге де астық кәсіпорындарының міндеттемелерін орындау мерзімдерін бірнеше рет ұзартуды мақұлдаған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бидай инспекторларының актілеріне сәйкес, 2008-2011 жылдар аралығында элеватор және нан қабылдау кәсіпорындарымен, оның ішінде "БОГВИ" компанияларымен де 2,4 млн.тонна бидай көлемінде жалған бидай қолхаттары жазылып берілгендігі анықталды.

Нәтижесінде келісім-шарттар бойынша аталған кәсіпорындардың қарызы 12,5 млрд.теңгені құрады.

Ағымдағы жылғы 26 маусымда Кабдрахманов ұсталып, 28 маусымда ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Ол талан-таражға салу арқылы 12,5 млрд.теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлаған деп айыпталуда.

Қылмыстық іс тергелуде, осы қылмысты жасауға қатысы бар Азық-түлік корпорациясының басқа да лауазымды тұлғалары анықталуда.

Тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны