Система Orphus

12 мыӊ ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеӊес алды

29.09.2015, 11:32 3707

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 16 наурыз бен 28 қыркүйек аралығында еліміздіӊ шалғай елді мекендерінде тұратын 12072 азамат арнайы жұмылдыру топтарыныӊ құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығыныӊ, "Қазпошта" АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеӊестер алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардыӊ 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 12072 азаматтыӊ 7805-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеӊес алды, 2255 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2012 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 28 қыркүйек аралығында жұмылдыру топтары еліміздіӊ барлық өӊірлерінде 3601 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 6158 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органныӊ қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша 1987 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарыныӊ келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарыныӊ жұмысы пилотты режимде жылдыӊ соӊына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оӊайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК, "Қазпошта" АҚ және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат "Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊын іске асыруға бағытталған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны