01.10.2015, 14:26 4234

12 мыӊнан астам қазақстандықты осы күзде мерзімді әскери қызметке шақырады

Бүгін, 1 қазанда Қазақстанда "Күз-2015" шақыру кампаниясы басталды. Күзгі шақырылыммен Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылу құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыӊнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, 1 қазанда Қазақстанда "Күз-2015" шақыру кампаниясы басталды. Күзгі шақырылыммен Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылу құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыӊнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шақыруды ұйымдастыру және өткізумен жергілікті әскери басқару органдарымен (әскери комиссариат) бірлесіп жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) айналысуда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Шілде мен қыркүйек аралығында шақыру контингентін зерделеу, шақырылушылармен, олардыӊ ата-аналарымен, олар оқып жүрген және жұмыс атқарып жүрген оқу орындары, кәсіпорын өкілдерімен жеке әӊгімелер жүргізілді.

Искери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ мерзімді әскерилердіӊ алған мамандықтары, денсаулық жағдайы, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі. Қосымша медициналық куәландыру, яғни, наркологиялық тестілеу, гепатит пен туберкулезге зертханалық зерттеу шаралары көзделген.

Искери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады.

Шақыру кампаниясы барысында қазан мен желтоқсан аралығында арнайы "қауырт желі" жұмыс атқаратын болады. Азаматтарды шақырудыӊ барлық мәселелері бойынша ҚР ҚК мен ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасыныӊ өкілдері кеӊес береді. Сұрақты 8 (7172) 72-13-89, 72-13-82, 39-33-37 телефондарына қоӊырау шалу арқылы қоюға болады.

Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру "Искери қызмет пен әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊына, сондай-ақ "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтіӊ әскери қызметшілерін запасқа босату туралы және Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылымы туралы" ҚР Президентініӊ жыл сайынғы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны