12.04.2017, 17:16 5354

12 - сәуір ғылыми қызметкерлер күніне орай "Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарыныӊ өзекті мәселелері" тақырыбында дөӊгелек үстел болып өтті

Бүгін "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейініӊ ұйымдастыруымен "Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарыныӊ өзекті мәселелері" тақырыбында "12 - сәуір ғылыми қызметкерлер" күніне орай дөӊгелек үстел болып өтті.

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейініӊ ұйымдастыруымен "Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарыныӊ өзекті мәселелері" тақырыбында "12 - сәуір ғылыми қызметкерлер" күніне орай дөӊгелек үстел болып өтті.

Дөӊгелек үстел жұмысына "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлерімен бірге, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығыныӊ ғылыми қызметкерлері PhD (философия докторы) Музаффар Гурсой, Сыздықов Бақдәулет, Н. Төреқұлов музейініӊ ғылыми қызметкері - Нышанбаева Роза, С. Ерубаев музейініӊ меӊгерушісі - Бостанов Ақсүмбе, ғылыми қызметкер - С.Ниетбек қатысып өз ойларын ортаға салды.

Алғашқы сөз кезегін алған "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейініӊ директоры Ж.Иубәкір барлық ғылым саласында еӊбек етіп жүрген қызметкерлерді, ғылыми қоғамды, төл мерекелерімен құттықтап, биік белестерге жетуге сәттілік пеншығармашылық табыстар тіледі.

Келесі кезекте қорық-мұражайдыӊ кіші ғылыми қызметкері А.Орынбекова қорық-музейдіӊ ғылыми-зерттеу бөлімініӊ тарихы, құрылымы, атқарып жатқан қызметтері, жеткен жетістіктерін таныстыратын қысқаша баяндама оқыды.

Дөӊгелек үстел барысында, бүгінгі музейлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарыныӊ жүргізілу барысы, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен байланысты келелі ойлар, зерттеулер жүргізудіӊ әдіс-тәсілдері және музейлер мен ұрпақ тәрбиесін ұштастыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ескерткіштерді қорғау, сақтау, насихаттау жұмыстарын жүйелі жолға қоюдағы ғылымныӊ орны сынды тақырыптар төӊірегінде пікірлер айтылды.

Жиын соӊында келген қонақтарға қорық-музейдіӊ баспа өнімдері сыйға берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны