02.08.2012, 14:08 13671

12 жылдық оқытуға көшу әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге мүмкіндік береді

Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртудың маңызды аспектілерінің бірі - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып табылады. Қазіргі күні еліміздің 104 мектебінде 12 жылдық оқыту моделіне көшудің сынақ жұмыстары жүргізілуде.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - 12 жылдық оқытуға көшу әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртудың маңызды аспектілерінің бірі - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып табылады. Қазіргі күні еліміздің 104 мектебінде 12 жылдық оқыту моделіне көшудің сынақ жұмыстары жүргізілуде.

Бәрімізге белгілі, білім беруді ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі 12-13 жылдық оқытуды қарастырады. Илемдік білім беру кеңістігінде 12 жылдық білім беру 136 елде жүзеге асырылады, оның ішінде Австралия, Канада, АҚШ, Франция, Жапония және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің құрамына енетін тағы да басқа мемлекеттер бар.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет жүзеге асыратын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының маңызды бір мақсаты ретінде білім беру мазмұнын жаңарту арқылы 12 жылдық оқытуға көшу көрсетілген.

Қазақстандағы 12 жылдық оқытуға көшу орта білім беруді жаңғыртудың стратегиялық қадамы болып табылады. Қазір 104 мектепте 12 жылдық оқытуға көшу сынақ ретінде жүргізілуде, олардың 45-і ауылдық, 59-ы қалалық мектептер.

Сонымен қатар, негізгі және профилді мектептердің білім мазмұнын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық оқытудың мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім стандарттарының негізгі ережелерін бекітіп, 12 жылдық мектептің 1-9 сыныптары үшін оқу құралдарының құрамын анықтап, оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтарын әзірледі.

Ел педагогтарымен 12 жылдық оқытуға көшу жөнінде жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылы әдістемелік мәселелер қарастырылған республикалық семинар мен оқыту курстары өткізілді. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың тамыз айында пән мұғалімдері оқу бағдарламасының мазмұнымен, оқулықтармен танысып, оқыту әдістемесін талқылайтын республикалық семинар өткізу жоспарлануда.

Мұғалімдерді қайта даярлап, біліктілігін көтеру жолындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. 10 мыңдай қазақстандық педагогтер 38 оқыту семинарлары мен 27 курстарға қатысты.

12 жылдық оқытуға көшу 2015-2016 оқу жылына жоспарланған. ҚР БҒМ ақпарына қарағанда, 2015-2016 оқу жылында 1 сыныпқа баратын 6-7 жастағы балалар саны шамамен 624 мыңнан асады. 2015 жылдың 1-қыркүйегіне қарай 2014 жылмен салыстарғанда оқушылар саны екі есе артады.

Қазақстанда 12 жылдық оқытуға көшу заманауи талаптарға жауап беретін жаңа мақсаттарды алға қоюға және республикалық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен кіріктіруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны