25.04.2016, 14:31 4116

12-жылдық білім беруге көшуге байланысты мектептерде жалпы білім беретін бағдарламалар саны қысқарады - Е.Сағадиев

ҚР-да 12-жылдық білім беруді енгізу екі негізгі мақсатты көздейді: балалар ертерек оқи бастайды және ЖОО-дарында жалпы білім беретін бағдарламалар саны қысқарады, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР-да 12-жылдық білім беруді енгізу екі негізгі мақсатты көздейді: балалар ертерек оқи бастайды және ЖОО-дарында жалпы білім беретін бағдарламалар саны қысқарады, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"12-жылдық білім берудіӊ міндеті есейген балаларды мектептерде тағы бір жыл ұстау емес. Негізгі міндет ол - бірінші сыныпты 6 жастан бастау. Қазіргі таӊда бізде 6-жасар балалардыӊ жартысы мектепте отырса, жартысы - отырған жоқ. 6-жасар баланыӊ жасы маӊызды жас. Мұны ЭЫДҰ елдері бұрыннан-ақ түсінген. Егер біз бұл жасты пайдаланбайтын болсақ, әрі қарай қиын болады. Сондықтан, бірінші кезекте тұрған міндет - баланыӊ 6 жаста мектеп партасына отыру болып отыр", - деді ол "2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы" атты ОКҚ баспасөз конференциясында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Министр айтып өткендей, 12-жылдық білім беруге көшу бағдарламасы 4 жылдыӊ ішінде жүзеге асырылады.

"Қазіргі таӊда бізде 150 мыӊ бала (6 жастан бастап), 180 мыӊ бала - оқымайды. Осы 6 жастан бармаған 180 мыӊ бала үшін біз осы бағдарламаны енгізіп жатырмыз", - деп баса айтты Е.Сағадиев.

Сонымен бірге, ҚР БҒМ басшысы осыған байланысты ЖОО-дарында жалпы білім беретін бағдарламалар саны қысқаратынын айтып өтті.

"Егер жетекші ЖОО-дары ректорларымен сөйлесетін болсаӊыздар, олардыӊ бәрі: бірінші курс - мектепте өткенді қайталау дейді. Басқаша айтқанда, біз ЖОО-дарын 12-ші сыныпқа айналдырып жібердік. Сондақтан, бұл орын алмауы үшін ЖОО-дарында жалпы білім беретін бағдарламалар алып тасталынады. Біз осы үдірісті бастадық", - деді ол.

Мысалға, оныӊ айтуынша "Қазақстан тарихы" пәні мектепке "оралады".

"Мектепте жалпы білім беретін пәндер, егер сол саланыӊ маманы болмаса, аяқталуы тиіс. Сонда ЖОО-дары өзініӊ жеке бағдарламаларын халықаралық деӊгейде дамыту үшін академиялық еркіндік алады", - деді Е.Сағадиев.

Оныӊ айтуынша, осы екі негізгі мақсатпен 12-жылдық білім беру енгізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны