30.10.2017, 16:25 4464

"13 километр" деректі фильмі Бразилиядан жүлделі оралды

- Бұл фильмде басына түскен қиындықтарды еӊсеріп, діттеген мақсатына жете білген ер азаматтыӊ тағдыры суреттеледі. Бұл фильм түрлі фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жатқанына өте қуаныштымын, - деді фильмніӊ режиссері.

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - "13 километр" деректі фильмі Бразилияда қазанныӊ 23-і мен 29-ы аралығында өткен Халықаралық "Еӊсеру" ("Преодоление") кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген. Фильмніӊ режиссері - Владимир Тюлькин.

Жақында ғана Ресейде өткен деректі фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болған "13 километров" деректі фильмі Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмніӊ кейіпкері өзініӊ шыдамдылығы мен табандылығыныӊ арқасында үлкен шаруа қожалығыныӊ иесі болып отыр.

- Бұл фильмде басына түскен қиындықтарды еӊсеріп, діттеген мақсатына жете білген ер азаматтыӊ тағдыры суреттеледі. Бұл фильм түрлі фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жатқанына өте қуаныштымын, - деді фильмніӊ режиссері.

Фестивальдіӊ бас жүлдесі - "Шетелдіӊ үздік фильмі" жүлдесін режиссер Роман Хрущтыӊ "Печорин" фильмі иемденді. "Еӊ үздік актер" аталымы "Мусс" (режиссері Джон Хеллберг) картинасында сомдаған Стефан Бертолаға берілді, ал "Үздік деректі фильм" жүлдесімен Клавдия Бершадская түсірген ресейлік "Ұшу" фильмі марапатталды. "Еӊ үздік қысқа метражды фильм" жүлдесі "Тыныш бала" фильміне бұйырды.

"13 километр"

Режиссері және сценарий авторы: Владимир Тюлькин

Қоюшы операторы: Юрий Пак

Комозиторы: Ғалымжан Секеев

Режиссер туралы ақпарат:

Тюлькин Владимир Викторович - кинорежиссер, ақын. Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығыныӊ лауреаты, КСРО кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1955 жылы 12 ақпанда Семейде туған. 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетініӊ физико-математикалық факультетін тәмамдаған. 1987 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтын бітірген; 1993 жылы КСРО Мемкино жоғарғы курсын Г.Чухрайдыӊ шеберлігі бойынша бітірген.

В.Тюлькинніӊ шығармашылығында ондаған деректі киносы бар. Фильмдері түрлі халықаралық конофорумдардыӊ жүлдегерлері.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Түсірген деректі фильмдері: "Буду защищаться сам" (КФ, 1987), "Босиком по снегу" (КФ, 1988), "Маленькая Нина" (КФ, 1989), "Учитель и ученик" ("Искусство №2, КФ, 1989), "Клетка" (КФ, 1990), "Повелитель мух" (КФ, 1990), "РЭМ" ("Собачий крематорий", КФ, 1993), "Опыт креста" ("Experimentumcrucis", с Т. Поповпен бірге, ГАЛА-ТВ, 1995), "Ангел-хранитель" (Студия "М-Арт", 1998), "Патетическая симфония (2000), "Про любовь" (2002); "Непокоренная вершина" (2003), "Тату в поднебесной" (2004, док. сериал), "Обреченные выжить" (2005); "Случайный гость" ("Полуночный гость", КФ, 1992) қысқаметражды көркем фильмі және басқа да.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны