13.01.2011, 17:40 4112

13 мыңнан астам үлескерлер проблемасы 2011-ші жылы шешіледі - ҚІА басшысы

2011-ші жылы үлескерлік құрылыстың 58 нысаны салынып бітеді де, сөйтіп 13600 үлескердің проблемасы шешіледі. Бұл туралы құрылыс істері жөніндегі агенттік (ҚІА) және тұрғынүй-коммунальдық шаруашылық (ТКШ) агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - 2011-ші жылы үлескерлік құрылыстың 58 нысаны салынып бітеді де, сөйтіп 13600 үлескердің проблемасы шешіледі. Бұл туралы құрылыс істері жөніндегі агенттік (ҚІА) және тұрғынүй-коммунальдық шаруашылық (ТКШ) агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

2007-ші жылы республикада 450 проблемалық нысан болған. 2011-ші жылғы 1-ші қаңтарға 389 нысан мен 63 мыңнан астам үлескер проблемасы шешілді.

"Тағы 58 нысан мен 13600 үлескер қалып отыр. Олардың биыл құрылысын аяқтау керек", - деді С. Нокин бейсенбі күні агенттік коллегиясының отырысында.

Ол келешекте екі және одан да көп пәтерлері бар үлескерлердің проблемасы қаралуы мүмкіндігін айтып өтті.

"Принципті түрде мәселе былай шешіледі: бірінші кезеңде бәріне бір пәтерден беріледі, екінші кезеңде 2 және 3 пәтерлері бар үлескерлер мен заңды тұлғалардың пәтерлерінің мәселесін шешеміз. Бұл келешекте шешілуі мүмкін мәселелер", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны