14.09.2018, 22:07 5308

"13 шақырым" деректі фильмі Сербияда өтетін фестивальге қатысады

"13 шақырым" атты деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Қыстаудан өз ауылына қарай бет алған басты кейіпкер өз өмірініӊ елеулі сәттерін еске алып, өз бойындағы құндылықтарыныӊ сырын ашады.

Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Режиссер Владимир Тюлькин түсірген "13 шақырым" деректі фильмі Сербияныӊ Крушевац қаласында қыркүйектіӊ 25-і мен 28-і аралығында өтетін Халықаралық "Рухы биік" ("Сильные духом") православиелік фильмдер фестивалініӊ негізгі бағдарламасына іріктеп алынды. Аталған туындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірді.

"13 шақырым" атты деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Қыстаудан өз ауылына қарай бет алған басты кейіпкер өз өмірініӊ елеулі сәттерін еске алып, өз бойындағы құндылықтарыныӊ сырын ашады.

"Фильмніӊ басты кейіпкері - рухы биік тұлға. Жанарынан айырылса да, қиындықтарға мойымай, өз болашағын ойлайды. Бұл фестивальге сол үшін де ұнаған болар,- деп ой бөлісті фильмніӊ режисесері Владимир Тюлькин.

"Рухы биік" фестивалі Сербияныӊ православиелік шіркеуі мен Халықаралық православиелік халықтардыӊ бірлігі қоғамдық қорыныӊ қолдауымен өткізіледі. Фестиваль бағдарламасына православиелік діні бар елдердіӊ шығармашылық ұжымы түсірген көркем және деректі фильмдер қатыса алады. Сонымен қатар фестиваль шеӊберінде тақырыптық көрмелер, дөӊгелек үстелдер, шығармашылық кездесулер мен басқа да іс-шаралар өткізіледі. Фестиальдіӊ іріктеу комиссиясы православие діні тақырыбында, немесе адамдар өмірініӊ дәстүрлі рухани-адамгершілік аспектілеріне қатысты түсірілген көркем және деректі фильмдерді қабылдайды.

Анықтама:

"13 шақырым"

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Ұзақтығы: 62 минут

Режиссері және сценарий авторы: Владимир Тюлькин

Қоюшы операторы: Юрий Пак

Комозиторы: Ғалымжан Секеев

Режиссер туралы ақпарат:

Тюлькин Владимир Викторович - кинорежиссер, ақын. Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығыныӊ лауреаты, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. Еуразиялық Академиясыныӊ мүшесі. Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтыныӊ түлегі. Сондай-ақ ол КСРО Мемкино жоғарғы курсын (Г.Чухрайдыӊ шеберлігі бойынша) бітірген. Режиссер В.Тюлькинніӊ шығармашылығында ондаған деректі киносы бар. Оныӊ фильмдері халықаралық белді кинофестивальдерге қатысып, жүлделер алған. Американыӊ телевизиялық "Эмми" сыйлығына үміткер болған ("Опыт креста" фильмі үшін, 1997).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны