13.07.2020, 16:37 4649

13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді

Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды.

Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті.

Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны