13.07.2015, 11:47 3367

13 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағанды облысында құрықталды.

Ресейлік полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтірген қылмыскерге халықаралық іздеу жариялап, күдікті 13 жыл бойы іздеуде болған. Іздеуде жүрген азаматты Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментініӊ Криминалдық полиция басқармасыныӊ қызметкерлері облыстағы ауылдардыӊ бірінен құрықтады

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Ресейлік полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтірген қылмыскерге халықаралық іздеу жариялап, күдікті 13 жыл бойы іздеуде болған. Іздеуде жүрген азаматты Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментініӊ Криминалдық полиция басқармасыныӊ қызметкерлері облыстағы ауылдардыӊ бірінен құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінііі тілшісі.

35 жастағы азаматқа 2002 жылдан бастап Ресей Федерациясыныӊ Алтай өӊірі ІІМ қызметкерлері іздеу жариялаған. Күдікті өзініӊ сыбайластарымен Алтай өӊірініӊ тұрғындарыныӊ біріне қарақшылық шабуыл жасап, кейін оны өлтірген. Енді ол жақын арада Ресей Федерациясына жіберіліп, сот алдында жауап беретін болады.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны