10.09.2015, 21:25 4659

1465.kz Қазақ Хандығы тарихына арналған мультимедиалық сайтыныӊ тұсауы кесілді

Бүгін Астана қаласындағы "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратыныӊ ғимаратында Қазақ Хандығыныӊ 550 жылдығына орай 1465.kz тарихи-мультимедиалық сайтыныӊ шет тілдеріндегі нұсқаларыныӊ тұсаукесері болып өтті. Танымал блогер, энтузиаст бағдарламашы Аршат Оразовтыӊ бастамасына партия тарапынан қаржылық қолдау білдірілді

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласындағы "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратыныӊ ғимаратында Қазақ Хандығыныӊ 550 жылдығына орай 1465.kz тарихи-мультимедиалық сайтыныӊ шет тілдеріндегі нұсқаларыныӊ тұсаукесері болып өтті. Танымал блогер, энтузиаст бағдарламашы Аршат Оразовтыӊ бастамасына партия тарапынан қаржылық қолдау білдірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы, "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Н.И. Назарбаев "Нұрлы жол -болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз "Tүркі жұртыныӊ мұраты - Мәӊгілік Ел" деп өсиет қалдырған. Бұл біздіӊ жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздіӊ тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді" дей келе, осынау датаныӊ маӊызына айрықша тоқталып, оныӊ ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестердіӊ бірі екендігін атап өткен еді.

"Нұр Отан" партиясыныӊ Саяси доктринасында "Мәдениет пен руханилық қоғамды біріктіреді. Мәдениет - өмірдіӊ өнерден, тарихи мұрадан, дәстүр мен тілден нәр алатын аса маӊызды саласы. Біз қоғамымыздыӊ бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайта түсуді жақтаймыз" делінген. Сондықтан да, партия ұлт тарихы, мәдениет пен өнерге айрықша мән беріп, осы саладағы уәкілетті органдар мен бастамашыл азаматтар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардыӊ сапалы жүргізілуін қадағалайды.

"Биыл т?уелсiздiк тарихымыздағы еӊ мерейлi де м?ртебелi мерекеніӊ бiрi аталып өтпек. Осы орайда, Қазақ Хандығы тарихына арналған мультимедиалық сайтыныӊ көтерер жүгі ауыр. Бұл тарих саласындағы ақпараттық кетіктіӊ бірін жауып қана қоймай, айтулы мерекеніӊ бір ізі болып қалады. Мерейтойлық шараныӊ тиісті деӊгейде аталып өтуі Жаӊа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіӊіруде айрықша рөлге ие", - деп атап өтті "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарыныӊ кеӊесшісі Берік Уәли.

Шараға тарихшы ғалымдар, сарапшылар, БАҚ өкілдері мен танымал блогерлер, "Жас Отан" ЖҚ белсенділері мен нұротандықтар қатысты.

Қазақ Хандығы тарихына арналған мультимедиалық сайтыныӊ негізгі мақсаты - қазақ тарихын мультимедиалық құралдар арқылы таныстыру, оқыту, санаға сіӊіру.

Бұл сайттыӊ басқа сайттардан ерекшелігі - қазақ хандығы тарихын баяндайтын ілкімді интернет жобасы екендігі және ондағы контенттіӊ мультимедиалық пішіміне басымдық берілгені. Осы әдістеме арқылы бүгінгі таӊда ізденімпаз қолданушылар, әсіресе, жастар заманауи мүмкіндіктермен жарақтандырылған контентке ерекше ықылас танытады. Айталық, тарихи әндер топтамасы Soundcloud ашық аудиохостындағы плейлистке топтастырылған. Индерді тікелей тыӊдауға және өз плейлистіне қосып алуға болады.

Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды. "Жылнама", "Фильмдер", "Кітаптар", "Индер", "Іс-шаралар", "Карта", "Тест", "Форум" және тағы басқа қосымша бөлімдерден тұрады.

"Мұнда қазақ тарихы тақырыбында түсірілген фильмдердіӊ Youtube сияқты ашық видеохосттарда орналасқан онлайн нұсқалары бар. Сайтқа кірген қолданушы қалаған фильмін тікелей қарай алады. Тарихымыз туралы жазылған әдеби және ғылыми шығармалардыӊ электронды нұсқаларына сілтемелер де баршылық. Бұл сілтемелер арқылы қолданушы кітаптарды тікелей оқи алады немесе өзініӊ ридерлеріне жүктеп алуына болады. Біржағына, бұл шетелдік аудиторияға да арналған. Бір ғана ағылшын тілініӊ қамту аясы біздіӊ төл тарихымызды насихаттаудыӊ мүмкіндіктерін арттырады", - деді "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарыныӊ кеӊесшісі Берік Уәли.

Қатысушылар жобаны жетілдіре түсу және қолданушыларға әсерін бақылау мәселесін талқылады. Олардыӊ айтуынша, Қазақ хандығы жылнамасы жылдар бойынша фото мен видео сынды көрнекі құралдар арқылы қысқаша баяндалғаны және тақырыптан бөлек оқиғаларға байланысты мәлімет пост ішінде берілгенімен ұтымды болып тұр. Яғни, осыныӊ өзі ресурстыӊ бірегейлігін көрсетеді.

Партия тарапынан ресурстыӊ интернетте ілгерілеуіне ақпараттық қолдау көрсетіледі. Бұдан әріде осындай азаматтық бастамаларға партиялық және қоғамдық қолдау практикасы кеӊінен енгізілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны