14.04.2019, 23:29 17507

Шекарашылар мемлекеттік шекарада жалпы көлемі 14 525 000 теңге шығынның алдын алды

"Астана" атты шекарашылар кемесі 2020 метр ау мен 350*350 көлемді екі дана, 50*50 көлемді бір торкөзді ау (ячья), 3000 м охан ауын тауып залалсыздандырды.

Нұр-Сұлтан. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Шекарашылар мемлекеттік шекарада жалпы көлемі 14 525 000 теңге шығынның алдын алды.

Шекарашылар теңіз байлығын талан-таражыға салушылармен ымырасыз күресті жалғастыруда. Өткен тәулікте "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасына қарасты шекарашылар кемелері мен катерлері теңіздегі шекара күзетін атқара жүріп кезекті рет браконьерлердің құрған ауларын жинап, бекіре балықтарды құтқарды.

"Егемен" шекарашылар катері теңізден 2500 м ау, 1250 дана ілмекті ау (крючья) жинап алып, бекіре тұқымдас балықтар бойынша 12625000 теңге шығынның алдын алды.

"Астана" атты шекарашылар кемесі 2020 метр ау мен 350*350 көлемді екі дана, 50*50 көлемді бір торкөзді ау (ячья), 3000 м охан ауын тауып залалсыздандырды.

Сонымен қатар, Ақтөбе шекара отрядының "Әлімбет" және "Жайсаң" өткізу бөлімшелерінде шекарашылар 1100 литрден астам дизель отынын, 11 000 кг (құны 900 000 теңге) ағаш материалдарын, 500 000 теңгенің лабаратрориялық қондырғыларын, 1 000 000 теңгенің көгөністерін шекарадан заңсыз алып шығуға жол бермеді.

Қордайдың "Карасу" бөлімшесінде Қазақстанға заңсыз 16000 пачка темекі (Қырғыз акциздік маркасымен) алып кірмек болған 1968 жылғы қазақстандық, 380 кгкальянға арналған темекі өнімін, 40 литрға жуық алкоголь өнімдерін алып кірмек болған 1976 және 1977 жылғы екі Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматы 20 000 кг жуық макулатурамен ұсталды.

"Сарыағаш" шекара отрядының "Капланбек" бөлімшесінде шекарашылар кеден қызметкерлерімен бірге "Вольво" жүк көлігімен Өзбекстанға қарай өтпек болған 1983 жылғы Қазақстан азаматы ұстады. Шекарашылар оның автокөлігінен 19 950 кг. маккулатура тауып, Мемлекеттік шекара арқылы жүк тасымалдаудың кедендік заңдылықтарының бұзылғандығын анықтады. Қазіргі уақытта маккулатура құрамындағы қағаздардың мазмұны тексеріліп жатыр.

Солтүстік бағыттағы шекарашылар қызметтік иттердің көмегімен Ресейге өтіп бара жатқан екі жолаушыдан есірткі заттарын тапты.

Қостанай шекара отрядының "Қайрақ-авто" бөлімшесінде 58 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол Ресей арқылы Германияға қарай жол тартқан екен. Қызметтік ит бұл азаматты есірткі тасымалдаушы ретінде меңзеді. Жеке алып шығып тексеру барысында шекарашылар оның күртешесінің ішкі қалтасынан өсімдік текті кептірілген жасыл зат оралған түйіншек тауып, оның "марихуана" есірткісі екендігі анықталды.

Ұсталған азамат айғақ затымен Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Петропавл шекара отрядының "Мамлютка теміржол" бөлімшесінде шекара нарядының қызметтік иті "Қарағанды-Мәскеу" бағытындағы № 83 жолаушылар пойызының вагондарының бірінің әжетханасынан әжетхана қағаздарына оралған "гашиш" есірткісін тауып, Петропавловск желілік полиция бөліміне тапсырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны