18.11.2015, 16:13 3528

14,5 мыӊ ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеӊес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 17 қараша аралығында еліміздіӊ шалғай елді мекендерінде тұратын 14520 азамат арнайы жұмылдыру топтарыныӊ құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығыныӊ, "Қазпошта" АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеӊестер алды

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 16 наурыз бен 17 қараша аралығында еліміздіӊ шалғай елді мекендерінде тұратын 14520 азамат арнайы жұмылдыру топтарыныӊ құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығыныӊ, "Қазпошта" АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеӊестер алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардыӊ 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 14520 азаматтыӊ 9005-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеӊес алды, 2975 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2450 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 17 қараша аралығында жұмылдыру топтары еліміздіӊ барлық өӊірлерінде 4677 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 7507 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органныӊ қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 17 қарашадағы жағдайы бойынша 2315 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарыныӊ келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарыныӊ жұмысы пилотты режимде жылдыӊ соӊына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оӊайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК, "Қазпошта" АҚ және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат "Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊын іске асыруға бағытталған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны