16.02.2016, 10:37 3975

14 көлікті қиратқан трамвай жүргізушісі 9 айға көлік жүргізу құқығынан айрылды - Алматы

Алматыда 14 көлікті қиратқан трамвай жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметі хабарлады

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда 14 көлікті қиратқан трамвай жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Икімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Г.Тұрсынованы ҚР ИқК 610-бабы, 2-бөлімі бойынша айыпты деп тапты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес былтыр КТ-4D трамвайын тізгіндеген айыпталушы Мақатаев пен Байтұрсынов көшелерініӊ қиылысында 14 көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көліктер жаншылғанмен, адам денсаулығына зақым келмеген. Осыны есепке ала отырып, сот келіншекті 9 айға трамвай жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

Сот үкімі әлі заӊды күшіне енген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны