15.01.2021, 15:13 8006

Қазақстанда 15 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 14 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 166 146 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 835 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 166 146. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында - 20 111 (+131); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 19 646 (+74); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 438 (+41); 
 
Атырау облысында - 14 699 (+85); 
 
Қарағанды облысында - 12 613 (+42); 
 
Павлодар облысында – 10 173 (+75); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 9793 (+41); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 9400 (+50); 
 
Қостанай облысында - 8452 (+73); 
 
Ақмола облысында - 8085 (+68); 
 
Алматы облысында - 7917 (+69); 
 
Шымкент қаласында - 5677 (+25); 
 
Жамбыл облысында - 5204 (+17); 
 
Маңғыстау облысында - 3845 (+10); 
 
Түркістан облысында - 3837 (+21); 
 
Ақтөбе облысында - 3784 (+4); 
 
Қызылорда облысында - 3472 (+9).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 666 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 151 838, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
15 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 23 734 адам (11 922 КВИ+ және 11 812 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 142 науқас стационарларда, ал 17 592 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 285 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 76 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 47 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 15 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 386 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 6 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 13 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 112 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46 666, 533 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 321 жетті. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны