23.05.2016, 17:50 4276

15 маусымға қарай елордада алты Bus Lane арнайы жолағы жасалады

28 мамырда елордада кейбір көшелерде біржақты көлік қозғалысы енгізілсе, 5 маусымда автобустарға арналған Bus Lane жолақтары іске қосылады

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - 28 мамырда елордада кейбір көшелерде біржақты көлік қозғалысы енгізілсе, 5 маусымда автобустарға арналған Bus Lane жолақтары іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біржақты көлік қозғалысын енгізу көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға және көлік құралдарыныӊ орташа жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Жобаны іске асырудыӊ мақсаты - көше-жол желісіне түсетін жүктемені, жолдардағы апаттылықты азайту, жолдардыӊ өткізу қабілеттілігін, көлік құралдарыныӊ орташа жылдамдығын арттыруға. Бірінші кезекте, нақ осы аталған көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі. Содан кейін көліктік талдау жүргізіліп, басқа көшелерді қамту мүмкіндігі қаралады, - деді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасыныӊ басшысы Еділ Сүлейменов.

Бірінші кезеӊде 28 мамырдан бастап Иуезов көшесінде (Республика даӊғылынан И. Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшесінде (Мәскеу к-сінен Кенесары к-сіне дейін) біржақты қозғалыс енгізу көзделген. Қазіргі кезде қиылыстарда келісілген фазалық реттеу схемалары бойынша бағдаршам объектілерін күйге келтіру жұмыстары жүргізіліп, жол белгілерін монтаждау аяқталуда.

Екінші кезеӊде 10 маусымда Абай даӊғылы (Сарыарқа даӊғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары к-сі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даӊғылына дейін), Янушкевич к-сі (Абай даӊғылынан Иманов көшесіне дейін) бойынша біржақты көлік қозғалысы енгізіледі.

Қазіргі кезде жол белгілерін қою және алып тастау жұмыстары қолға алынып, ақпараттық жол белгілерін орнатуға және жаяу жүргіншілерге арналған орындар әзірленіп, қиылыстарда келісілген фазалық реттеу схемаларын түзету, жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Астана LRT" ЖШС көлік жөніндегі директоры Рустам Халилевтыӊ айтуынша, біржақты қозғалыс кезінде маршруттық желі өзгертілмейді. Автобустар жеке жолақтармен жүретін болады.

- Өткен жылы Bus Lane жобасы қолға алынып, көшелердіӊ алты бөлігінде енгізілді. Ол өзініӊ тиімділігін көрсетті. Қоғамдық көліктіӊ жылжымалы құрамыныӊ орташа жылдамдығы 12-ден 15% дейін артты. Жолаушылар да оӊ көзқарас танытып отыр, сондықтан жобаны одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды. Ол үш кезеӊмен жүзеге асырылады, - деді Е. Сүлейменов.

5 маусымнан бастап Алаш тасжолында ("Магнум" сауда үйінен Уәлиханов к-не дейін), Қорғалжын тасжолында (Бейсекова к-сінен Тұран даӊғылына дейін). автобустар үшін жаӊа арнайы жолақтар пайда болады. 10 маусымда біржақты көлік қозғалысы енгізілген соӊ Абай даӊғылы мен Кенесары көшесінде де Bus Lane жолақтары жасалады. Үшінші кезеӊде 15 маусымнан бастап Жеӊіс даӊғылында (Есенберлин к-сі - Кенесары көшесі), Бараев к-сінде (Қорғалжын тасжолы - Уәлиханов к-сі) тиісті жұмыстар аяқталады.

Айта кетейік, Икімшілік полиция басқармасыныӊ жеке құрамы Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жүргізушілер арасында біржақты қозғалыс енгізілген көшемен жүру ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. 6 маусымнан бастап тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.

- Апаттылық жағдайларын болдырмау үшін Вus Lane жолақтарындағы барлық тұрақ орындары алынып тасталады, - деді Астана қаласыныӊ ІІД Икмшілік полиция басқармасы басшысыныӊ орынбасары Нұрлан Уваев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны