27.06.2016, 16:10 4145

15 жылда Травматология және ортопедия ҒЗИ-да 126 мыӊнан астам адам емделді

2015 жылы ТОҒЗИ ұжымы ұршықбуын хирургиясында эндопротездеуді қолдануда инновациялық технологияларды жасап енгізуге арналған жұмыстардыӊ топтамасы үшін ғылым мен техника саласындағы аль-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - 15 жылда ҚР ДСИДМ Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі - ТОҒЗИ) 126 мыӊнан астам адам емделді. Орталық аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар деӊгейінде сүйек-бұлшықет жүйесі зақымдалған, термиялық және химиялық күйікке шалдыққан ауруларды қарау және емдеу стандарттары әзірленді. Травматология, ортопедия, термиялық жарақат, жақ-бет жарақаты, политравма, нейротравма, жан сақтау, микрохирургия, ревматология және оӊалту бойынша диагностикалау мен емдеудіӊ 45 медициналық-экономикалық хаттамалары жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2006 жылдан бері институтта ірі буындарға остеосинтез, артроскопия, эндопротездеу жасайтын заманауи аудио- және бейнежүйемен, құралдармен және муляждармен жабдықталған мамандарды диппломнан кейін дайындау орталығы жұмыс жасайды. ТОҒЗИ тұрақты түрде жақын және алыс шетелден жетекші мамандарды шақырумен шеберлік кластарын, семинар-тренингтер, конференциялар өткізіп тұрады.

2014 жылы институттыӊ базасында Ірі буындарды эндопротездеу республикалық орталығы ашылды. Кішіинвазивтік және ревизиялық эндопротездеу, ұршық және тізебуындардыӊ онкопротездері енгізілді.

Қазіргі кезде ТОҒЗИ-да ұршықбуын эндопротезініӊ әлемдік өндірісініӊ 30 моделі сынақтан өтіп енгізілді, ірі буындардыӊ 7500 эндопротезі қойылды. Белгілі модельдермен қатар институтта Н.Батпеновтыӊ цементсіз бекітетін ұршықбуын эндопротезініӊ моделі қолдануда. Бұл протездердіӊ шығарылуы Германияда K-Implant компаниясымен жүзеге асырылады.

2015 жылы ТОҒЗИ ұжымы ұршықбуын хирургиясында эндопротездеуді қолдануда инновациялық технологияларды жасап енгізуге арналған жұмыстардыӊ топтамасы үшін ғылым мен техника саласындағы аль-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

2006 жылы ТОҒЗИ-да республикада алғаш рет Артроскопия және спорттық жарақат бөлімшесі құрылды, ал 2014 жылы оныӊ базасында Артроскопия және спорттық жарақат орталығы ашылды. Онда жыл сайын ірі буындарға 1500 астам артроскопиялық араласулар орындалады.

Гранттық қаржыландыру шеӊберінде тізебуын шеміршегі патологиясында, сүйек тіні ақауында жасушалық технологиялар әзірленуде.

Жеке және көптеген жарақаты бар ауруларды емдеуде остеосинтездіӊ кішіинвазивтік әдістері аурулар стационарға түскен бір сағат ішінде жасалады. Бұл бұғанасы, білегі, тобығы сынған ауруларды стационарлық емдеу мерзімін 5 күнге дейін қысқартуға, гипстік иммобилизациялауды болдырмауға және оӊалтуды ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Бірқатар ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру шеӊберінде емдеудіӊ жоғарытехнологиялық әдістерін енгізумен қатар ТОҒЗИ қызметкерлері аяқ-қол сүйектері сынғанда остеосинтез жасау үшін жаӊа констукцияларды, импланттарды жетілдіріп әзірледі. Олар алғаш рет қазақстандық зауытта шығарылды.

Бүгінгі күні институт жақын және алыс шетелдіӊ 25 жетекші травматология және ортопедия орталықтарымен қарым-қатынаста. Соныӊ арқасында АҚШ, Испания, Австрия, Швейцария және Германияда өткізілетін диагностикалау мен емдеудіӊ заманауи технологияларға үйрететін тренингтер мен семинарларда институттыӊ мамандары мен ғылыми кадрларыныӊ дайындығы жүргізіледі. Осы жылдары Еуропа мен АҚШ-тыӊ үздік клиникалары базасында 100-ге жуық маман оқытылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны