16.02.2015, 09:36 4099

16 ақпанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

16 ақпан күні Қазақстанныӊ көптеген аймақтары фронтальды бөліктердіӊ ықпалында болғандықтан, кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек солтүстік пен шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 16 ақпан күні Қазақстанныӊ көптеген аймақтары фронтальды бөліктердіӊ ықпалында болғандықтан, кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек солтүстік пен шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысыныӊ кей жерлерінде тұман болып, жел соғады, күші 15-20, түнде Жалаӊашкөл ауданында екпіні 25 м/с болады. Жамбыл, Қызылорда, Маӊғыстау, Атырау облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оӊтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде және таӊертеӊ тұман болады. Қостанай, Павлодар облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде бұрқасынмен жел соғады, күші 15-20 м/с, тұман болады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны