14.07.2016, 11:46 3341

16 мыӊнан астам қазақстандықтар мүгедектікті анықтау кезінде ҚР ДСИДМ композитті қызметін пайдаланды

Бұл жаӊалық ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедектердіӊ әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтерге қолжетімділігін арттыру аясында 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап енгізді.

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 16 мыӊ 740 мүгедектікті алғаш рет алған қазақстандықтар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде жұмыс істеу қабілетінен айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға бір мезгілде өтініш беруге мүмкіндік беретін электрондық композиттік қызметін пайдаланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл жаӊалық ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедектердіӊ әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтерге қолжетімділігін арттыру аясында 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап енгізді.

Композиттік қызметтіӊ мақсаты - қағаздағы құжат айналымын жою, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі әлеуметтік жәрдемақы алу уақытын қысқарту, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде (оныӊ ішінде шалғай аудандарда) кешенді мемлекеттік қызметтердіӊ көрсетілуіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны