Система Orphus

Алматыда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында ақын мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

06.02.2020, 18:24 7264

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында ақын мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мүсін Жетісу ауданы әкімдігі ғимаратының жанына, "Гүлдер" саябағына орнатылды. Мүсіннің авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.

Салтанатты шараға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген, танымал ақындар, жазушылар, абайтанушылар қатысты.

Абайтанушылар, ақындар, танымал, жазушылар қатысқан іс-шарада, мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Абай еңбектерінің құндылығына тоқталды.

"Қиын-қыстау кезеңдерде халық Абайдың әндерін орындап, сөздерін жүректерінде сақтады, оның сөздері, әндері халықпен бірге болды. Абай ұлы адам, ол халықтың құтқарушысы, себебі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ауыр кезеңді өткерген "Зар заман" ақындары да XX ғасырдың қиын болатынын білді. Абай да білді, алайда оның кемеңгерлігі сол, ол халықты мәдениеті мен, тілімен, әдебиетімен, дінімен сақтап қалуға жол таба білді. Осы тұсынан қарасақ, Абай шынымен халқын құтқарған, сирек кездесетін тұлға", - деді Мұрат Әуезов ұлы ақын мүсінінің ашылу рәсімінде.

"Абайдың мүсінін жасау үшін суретші Абайдың түлғасын рухани мойындауы керек. Тамаша туынды. Осы жылы осы толқынмен және келешекке деген жақсы үмітпен көптеген кинотуындылар жасалады деп ойлаймын. Біз еліміздің ұлы тұлғаларына лайықты бағасын берген кезімізде, өнердің құны артып, үміт оты жанады", - деді Мұрат Әуезов.

Абай Құнанбаев - қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы, қазақ мәдениетінің реформаторы және оның алғашқы классигі.

"Бұл - біздің ортақ тарихымыз. Абай өзінің жүрегін халыққа арнады" - алматылықтар ұлы ойшыл мүсінінің ашылуына қатысты пікірлерін білдірді.

"Абай - қазақ халқының ең ұлы ақындарының бірі. Ұлы ойшылдың ескерткіші жанынан өтіп бара жатқан әр адам оның еңбектерін еске алады және оны әрі қарай дамытатын болады. Әрине, біз Абай сияқты бола алмаймыз, бірақ Абай салған ізгі жолды одан әрі жалғастыра аламыз. Егер біз өз бабаларымызды ардақ тұта алмасақ, онда ешқандай рухани даму болмайды", - деп атап өтті Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов.

Аудан тұрғындары сәулеттік жаңа мүсіннің ашылуына қатысты өз қуаныштарын білдірді.

"Бұл - біздің ортақ тарихымыз. Ұлы ойшыл тек этникалық қазақтарға ғана емес, бәрімізге ортақ, біз де түпкілікті тұрғындармыз. Біз өз батырларымыз бен тұлғаларымызды білуге тиіспіз. Бүл - баланы патриоттық рухта тәрбиелеудің озық өнегесі. Абай өзінің жүрегін тарихқа және халқына арнады. Ол - халықтың қадір тұтқан ақыны", - деді аудан тұрғыны Ольга.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ойшылдың шығармашылық мұрасының маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті.

"Біз - өз елімізідің патриоттарымыз, ал Абай біз үшін биік тұлға. Ұлы ақыннан артық идеология жоқ. Ең бастысы - Абай Құнанбаев қалдырған өте терең әрі құнды, ақылдың кенішіне айналған ұлы мұра арқылы еліміздің одан әрі гүлдену үстінде. Ол расында да бүкіл болмысымен, барша жүрегімен өз ұлты мен өз халқы үшін жанын ауыртқан адам", - деді мәслихат депутаты.

Қайрат Құдайберген өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуде Абай мұрасының маңыздылығын атап өтті.

"Біздің жастарымыз арттарынан өшпес мұра қалдырған нағыз батырлар туралы барынша көп білгендері жөн. Оларды пір тұту қажет. Бабаларымыздың соңынан қалған мұраның ішінен тек үздіктерін таңдауға тиіспіз. Қаламмен жазылғанды балтамен шаба алмайсың. Сондықтан біз аз да болса өз үлесімізді қостық деп ойлаймын. Бұл -біз үшін үлкен құрмет. Игілікті іске атсалысу мен үшін құрмет және бұдан өзге үлгі тұтар іс жоқ", - деді Қайрат Құдайберген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны