19.09.2018, 17:30 5331

17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеӊестіӊ отырысы өтті

Дархан Кәлетаев Министрлік құрылымындағы өзгерістерге толығырақ тоқталды. Атап айтқанда, Қоғамдық жаӊғырту департаментініӊ, Қоғамдық келісім, Жастар және отбасы істері комитетініӊ құрылғандығы туралы айтты.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеӊестіӊ отырысы өтті. Кеӊес жұмысына ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Қоғамдық кеӊес төрағасы Төлеутай Сүлейменов, ҚР Паламенті Мәжілісініӊ депутаты Серік Сейдуманов, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, сарапшылар, министрліктіӊ және комитеттердіӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ басшылары қатысты.

Қоғамдық кеӊес отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда, министрліктіӊ атауыныӊ өзгеруіне байланысты консультативтік-кеӊесші органныӊ атауы Қазақстан Республикасыныӊ қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеӊес болып өзгертілді.Сондай-ақ, күн тәртібінде Кеӊес құрамынан шыққан Қоғамдық кеӊес мүшелерініӊ орнына сайлау өткізу және кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қарастырылды.

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өз сөзінде Қоғамдық кеӊестіӊ мемлекеттік басқарудағы институт ретіндегі маӊыздылығын атап өтіп, кеӊес құрамын кеӊейтуді ұсынды. Министрдіӊ айтуынша, Министрлікке берілген қосымша өкілеттіліктерге байланысты, отбасылық саясат мәселелеріне сарапшылар тарту, диаспоралармен және басқа да жаӊа бағыттар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі туындайды.

Дархан Кәлетаев Министрлік құрылымындағы өзгерістерге толығырақ тоқталды. Атап айтқанда, Қоғамдық жаӊғырту департаментініӊ, Қоғамдық келісім, Жастар және отбасы істері комитетініӊ құрылғандығы туралы айтты.

Бұдан бөлек, министр ведомствоға бағынысты ұйымдарға қатысты өзініӊ пікірімен және ұзақ мерзімді жоспарлары туралы ой бөлісті. Кеӊес барысында қатысушылар Кеӊес құрамынан шыққан Қоғамдық кеӊес мүшелерініӊ орнына, олардыӊ қалған өкілеттілік мерзіміне сайлау өткізуді жариялау туралы шешім қабылдады және қарауға шығарылған нормативтік-құқықтық актілер талқыланды. Қоғамдық кеӊестіӊ шешімдері қатысушылардыӊ көпшілік дауысымен қабылданды және арнайы хаттамамен бекітілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны